Оқу процессі

Оқу процессі

Материалды-техникалық базаны нығайту (жаңа кабинеттер, зертханалар ашу, жаңа  жабдықпен, жиһазбен, спорттық мүліктермен және т.б жабықтандыру.).

ҚарМТУ жанындағы Технологиялық колледж мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарына сай мамандарды дайындауда оқу-материалдық базаны қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. Технологиялық колледж  жалпы ауданы 1727,41 кв.м оқу-зертханалық корпуста орналасқан, онда оқу дәрісханалар, арнайы жабдықталған кабинеттер және зертханалар, лингафонды және компьютерленген класстар бар. Сонымен қатар колледж оқушыларына арналған спорттық кешен, Жастар сарайы, Қарқаралы қаласында «Политехник» спорттық-сауықтыру лагерьі бар. Колледждің корпустары суық сумен, орталық жылу жүйесімен жабдықталған. «Санитарные нормы микроклимата» СН № 1.02.006-94  әуе кеңістігі температуралық параметрлері талаптарына сай.  Барлық бөлмелерде табиғи желдеткіштер, ашылатын фрамуг, сонымен бірге ауа тазартқыш каналдар ескерілген. Барлық оқу бөлмелері, кітапханалар, оқу залдары табиғи жарықпен жабдықталған. Жасанды жарықтандыру бөлмелерге сай. Колледждің оқу корпустары оқу-зертханалық жабдықтармен және жиһаздармен, қажетті мүлікпен жабдықталған. Оқу бөлмелерінің ауданы 1727,41  кв.м, яғни санитарлық нормаларға сай және оқу бағдарламалары мен жоспарларды орындауға мүмкіндік береді, мемлекеттік білім стандарттарымен қарастырылған (СНиП бойынша 720 оқушыға оқу бөлмелерінің ауданы 1300 кв.м. құрайды). Колледждің мамандарын бейін бойынша дайындауда сапаны көтеру мақсатында зертханалар, қазіргі заманауи оқу-зертханалық жабдықпен үнемі жабдықталып отыратын кабинеттер, ғылыми зерттеулер үшін жағдайлар жасалған. Технологиялық колледжде ақпараттық технологиялар пәндері үшін компьютерлік класстар бар:  технологиялық бағдарламалау және операциялық жүйелер (ауд. 407), қолданбалы және бағдарламамен қамтамасыз ету (ауд. 408), деректер базасын басқару жүйесі (ауд. 409 а, б), интегралды оқыту (ауд. 410). Оқу процесінде электронды тестілеу бағдарламаары, электронды оқулықтар, электронды оқу құралдары қарқынды енуде. Теміржол және стандарттау пәндері үшін қозғалысты ұйымдастыру мен басқару, қозғалыс қауіпсіздігі және техникалық пайдалану, стандарттау, метрология және сертификаттау пәндік дәрісханалар жабдықталған. Энергетика, автоматика және телекоммуникация пәндері ЦӘК-да микропроцессорлық техника және автоматталған коммутация, электртехника және электр өлшеу, электр машиналары мен электр аспаптарының зертханалары жұмыс істейді. Транспорт мамандықтарында жол машиналарын жөндеу, жол қауіпсіздік ережелері, автомобиль жолдарын пайдалану және құрылыс негіздері, автомобильдер құрылыстары пәндік дәрісханалары пайдаланылады. Қарағанды қаласының ең бір ірі спорттық құрылысы болып табылатын- ҚарМТУ спорт кешенінде колледж оқушылары айналысады (ауданы 3560 кв.м), онда 7 спорт залдары, кіші-футбол үшін  3 спорт алаңы, теннис корттары, секіру және күш дайындығы үшін секторлар орналасқан. Оқу дәрісханалары мен зертханалардың ролдерін күшейту үшін оқу-тәрбие процесінің тиімділігін көтеріп, оқу дәрісханалары мен зертханаларын анықтап, «Лучший кабинет» конкурсы өткізіледі. Конкурс жеңімпаздары громаталармен және жүлделермен марапатталады. ТК корпусында буфет бар, онда оқушылар мен қызметкерлердің сапалы әрі жылдам тамақтануын қамтамасыз ету қажеттілігін  қанағаттандырады. Оқушыларға және студенттерге, қызметкерлерге, оқытушыларға  ақысыз емді қамтамасыз ету мақсатында медициналық кабинеттер керекті жабдықпен жабдықталған. Онда физиокабинет және емдеу кабинеттері жұмыс істейді. Колледж қызметкерлері, оқытушылары және оқушылары әр жыл сайын флюрографиялық тексерістен өтеді. Оқытушылар мен қызметкерлер және олардың балаларына сауықтандыру жұмыстары бойынша кәсіподақ комитеті жұмыс жасайды. Қарқаралы орманды алқабында спорттық-сауықтыру «Политехник» лагерьі орналасқан, онда колледж оқушылары, қызметкерлер, оқытушылар және олардың жанұялары әр жыл сайын жеңілдікті жолдамамен демалады. 2010-2011 оқу жылында колледжге ҚарМТУ-нің 4 корпусынан жартылай жерасты 8 бөлме берілді. Оқу-зертханалық базалар аспаптармен,   өндіріс талаптарына сай жабдықтармен, сонымен бірге оқу жиһаздарымен жабықтау жұмыстары жалғасуда.

колледждің алды студенттері

Академиялық күнтізбе

Оқушылардын бағасы

Оқу-өндірістік процесс
Оқу-әдістемелік жұмыс
Оқушылардың марапаттар
Сабақ кестесі

Без рубрики