«Некеге дайын екеніңізді қалай білуге болады?» атты тақырыптық дәріс

11 қыркүйек Университ бас ғимаратының жиын залында «Отбасы күні» қарсаңында «Нұр Отан» партиясының Қарағанды қалалық бөлімшесі төрағасының орынбасары Ю.В.Бадина және студенттермен «Некеге дайын екеніңізді қалай білуге болады?» тақырыбында әңгіме-сұхбат өткізген психолог Н.В.Красниковамен кездесу өтті.

Университеттің 450 студенті қатысты. Студенттермен бірге  факультет декандарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және пән мұғалімдері барды.

Аталмыш іс-шараның мақсаты – студенттердің назарын көптеген отбасылық мәселелерге аудару болды.

Кездесуді Тәрбие ісі жөніндегі проректордың міндетін атқарушы Н.А. Алпысбаева және Университеттің жастар саясаты департаменті ұйымдастырды.