Ересектердің өміріне жолдың бастамасы


2013 жылы ақпан айының 13-і ҚарМТУ бас ғимаратының электрондық кітапханасында «Студенттің ересектердің өміріне алғашқы қадам басу» тақырыбына дөңгелек үстел өтті. Компьютерлік технология мен жүйелік техника институтының студенттері – «Жас Орда» студенттер мен магистранттардың кәсіби одақ ұйымының активисттері ұйымдастырушылары болды.

Іс-шараның басты мақсаты: ҚарМТУ студенттерінің алған білімдерін практиклық қызметте шығармашылық түрде қолданып, қазіргі жағдайға тез бейімделуге қабілетті болашақ мамандарды дайындаудағы сапаны жоғарлатуға назарын аудару. Дөңгелек үстелдің міндеттері: студенттердің ғылыми зерттеулерге қызығушылығын ояту, салауатты өмір салттарын насихаттау, өздігінен білім алуға қажеттілікті қалыптастыру. Модератор: Қанат Айдана.

Қатысушылар қоғамның өзекті мәселелерін және осы мәселелерді шешудегі студенттің рөлін талқылады. Баяндамалар әр түрлі болды: кейбіреулері мәтінде, кейбіреулері фотоиллюстрацияларға негізделді. Бірінші баяндамамен ИЭ-11-1  тобының студенті Ахметжанова Дария сөз сөйледі, оның тақырыбы: «Студенттермен қарастырылған экологиялық мәселелерді шешудің жолдары». Өзінің баяндамасында ол Қазақстан және әлемнің ғалами, ұлттық және жергілікті экологиялық мәселелерді белгіледі. СҚИ студенті Жақсыбекова Жанагүлдің баяндамасы да осы тақырыпқа арналды. Баяндама мазмұнды болды және дөңгелек үстелдің қатысушылары арасында қызу талқылауды  қозғады. Бұл жастардың қоршаған орта экологиясына енжар еместігін және бұл мәселелерді шешуге өз үлесін студенттік ұйымдар құру арқылы шешуге дайын екендігін дәлелдейді.

 «Дені саудың – тәні сау», КЖИ студенті Бадюсенова Сабина «Студенттің спорттық жетістіктері» тақырыбына баяндама ұсынды. Бұл баяндаманы қаылар алқасы ең үздік деп есептеді. Одан басқа Сабина жақсы сөз сөйледі, тапқыр бірінші курс студенті КЖИ – дың ең белсенді және спорттық студенттер спортпен айналысуға шақыратын уәждемелі видео дайындады.

ТЭАИ және КТЖИ студенттері Байметов Ержан және Сайлаубаевтың баяндамалары ғылыми тақырыптарға арналды. Олар Қазақстан дамуындағы жаңа инновациялық жобалардың маңыздылығы студенттердің ғылыми қызметіне тарту жөніндегі мәселелерді қозғады.

I орынға – Бадюсенова Сабина, II орынға – Жақсыбекова Жанагүл, III орынға – Сайлаубаев Шынғыс ие болды. Студенттер белсенді қатысқаны үшін дипломдармен, мадақтау, құрмет қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Студенттік кезінде тұлға интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейңне жетіп, ділдік тәжірибені байытып, өзінің ішкі дүниесін, даралығын масштабты түрде қарастырып, бүтіндей мен-бейнесін қалыптастырып, өмірлік және кәсіби жоспарларда өзін анықтап, өз назарын болашаққа бағыттайды.

Осындай шаралар студенттерді тек ынталандырып қана қоймай, сонымен қатар көшбасшылық, жауапкершілік, мақсаттылықты тәрбиелеп, болашақ мақсатпен тұрақтануға көмектеседі.

Қоңырбаева Айнагүл

 БЖД-10-1 тобының студенті

ҚарМТУ бұқаралық ақпарат корреспонденті

Без рубрики