Пархоменко атындағы Қарағанды зауытында антикоррозиялық жабын өндірісінің жаңа желісін іске қосылды


  «Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» ЖШС өндірістік алаңында «Галлуазиттік нанотүтіктерді пайдалану арқылы антикоррозиялық жабын өндіру» жобасы іске қосылды. 

Осы бірегей жобаны ҚарМТУ-дың бір топ ғалымдары әзірлеген, оның құрамында ҚарМТУ-дың бірінші проректоры А.З. Исағұлов,  «Металлургия, материалтану және нанотехнологиялар» кафедрасының доценті, т.ғ.к. С.С. Квон, т.ғ.к. В.Ю. Куликов, «Нанотехнологиялар және металлургия» кафедрасының аға оқытушысы Е.П. Щербакова, «Нанотехнологиялар және металлургия» кафедрасының оқытушысы Д.Р. Аубакиров, «Кәсіпорын экономикасы» кафедрасының доценті э.ғ.к.  К.Б. Тажибекова және т.б.  бар.

Жобаның мақсаты – галлуазиттік нанотүтіктерді пайдалануға негізделген жаңа антикоррозиялық жабындар өндіру технологиясын коммерциаландыру.

Жобаны  әзірлеуге зерттеушілер бір жылдан астам уақыт кетірді.  ҚарМТУ-дың профессоры А.З. Исағұловтың сөзі бойынша Қазақстанда галлуазиттік топырақтың үлкен қоры бар, ол арнайы өңдеуден кейін  галлуазиттік нанотүтіктердің табиғи көзі болып табылады, олардың құны шетелдік аналогтарынан салыстырмалы түрде арзанырақ. Өнімнің қызмет ету мерзімі республикаға шетелден әкелінетін жасанды нанотүтіктерден  (мысалы, фуллерендер) айырмасы 20-30%-ға жоғары. Сондықтан біздің жоғары оқу орнымыздың ғалымдары өз зерттеулерінде отандық шикізаттан әзірленген металл конструкцияларды қорғау үшін анағұрлым арзан антикоррозиялық материалды жасау міндетін қойды. Ұсынылатын тауар бірегей болып табылады және қазақстандық нарықта аналогтары жоқ. Іс жүзіндегі  антикоррозиялық жабындар жеткілікті түрде тиімді болып табылады, спрейлер немесе сұйықтықтар түрінде жағылуы мүмкін, бірақ ұсынылатын тауардың басты ерекшелігіне – белсенді заттың бақыланатын шығарылымына және өздігінен регенерациялану қабілетіне ие емес, бұл жабынның жоғары төзімділігін және ұзақ мерзімділігін қамтамасыз етеді.

Жабынның кең қолдану спектрі болады.  Өнімнің әлеуетті тұтынушылары машина жасау, металлургиялық, құрылыс және энергетикалық сектор кәсіпорындары, автомобильшілер және сол немесе басқа шамада агрессиялы ортада жұмыс істейтін металл бұйымдарымен  байланысты басқа адамдар болып табылады.

Ашылу салтанатына «Ғылым қоры» АҚ Президенті А.Ж. Султангазин, «Қарағанды облысы өнеркәсібі және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ басшысы А.С. Нурмагамбетов, ҚарМТУ-дың бірінші проректоры А.З. Исағұлов, Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты ЖШС директоры В.В.Сурина, зауыт қызметкерлері мен облыс кәсіпкерлері қатысты.

«Ғылым қоры» АҚ Президенті Ануарбек Сұлтанғазин өзінің сөйлеген сөзінде: «Осы учаскенің ашылуы ҚарМТУ ғалымдарының және Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауытының жемісті еңбегінің нәтижесі болып табылатынын атап өтті. Берілген жоба республика бойынша 6-шы және Қарағанды облысы бойынша үшінші болып табылады, барлығы 9 жобаны ашу жоспарланған.  Қазір де біздің алдымызда тұрған мақсат  – осы өндірісті дамыту, жұмыс істеу үшін жұмыс орындарын беру және тұтынушылардың жақсы өнім алуы.

 

 

Без рубрики