Нұр-Сұлтан – жаңа Қазақстанның символы


ҚарМТУ-де 3.07.2019ж. Патриоттық тәрбие беру ҒЗИ мен «Серпін» оқу  орталығы қатысқан астанамыз Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне арналған «Нұр-Сұлтан – жаңа Қазақстанның символы» атты іс-шара өтті. Шараның мақсаты – студенттерге туған жерге деген отаншылдық сезімді, Қазақстанның тәуелсіздігі мен табыстарына қуана білу, астанамызға деген мақтанышқасиетін дамыту.

Іс-шараға университеттің оқытушылары мен студенттері, 1-жатақхана қызметкерлері қатысты.  Нұр-Сұлтан қаласының тарихы мен дамуы туралы, астананың көрікті жерлері туралы әңгімеленіп, Нұр-Сұлтан қаласы туралы жыр шумақтары оқылды, қала туралы деректі фильм көрсетілді, Димаш Құдайбергеннің орындауында «Астана» әні тыңдалды, студенттер арасында пікірсайыс өтті.Іс-шараға 50 студент, оқытушылар қамтылды.

 

 

Без рубрики