ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлайды


ҚР Білім  және  ғылым  министрлігі   ғылым  мен техниканы  дамытуға  қосқан үлестері  үшін  ғалымдарды,  ғылыми  ұйымдардың ғылыми  қызметкерлерін ынталандыру  мақсатында   ғылым саласындағы  сыйлықтарға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға  ие  болу      үшін  жұмыстарды қабылдай  бастағанын хабарлайды.

Биылғы жылы ғылым саласындағы сыйақыларға, мемлекеттік  ғылыми стипендияларға  ие  болу  үшін  жұмыстарды  тұрғылықты  жер  бойынша ХҚКО арқылы  тапсырыс беруге  болады.

  • жаратылыстану  ғылымдары  саласы  бойынша  үздік  ғылыми зерттеуге Қ.И.Сәтпаев  атындағы   бір  сыйлық;
  • қоғамдық  ғылымдар саласы  бойынша үздік  ғылыми зерттеуге Ш.Уалиханов атындағы бір сыйлық;
  • үздік ғылыми  зерттеу  мен  педагогика  саласы  бойынша жұмысқа Ы.Алтынсарин  атындағы бір сыйлық;
  • түркітану  саласында жеткен   табыс үшін Күлтегін атындағы бір  сыйлық;
  • жаратылыстану  ғылымындағы  үздік  жұмысы  үшін жас  ғалымдарға  арналған Д.А.Қонаев атындағы бір сыйлық;
  • қоғамдық ғылымдар  саласындағы үздік жұмысы  үшін жас  ғалымдарға  арналған М. Әуезов атындағы бір сыйлық;
  • 75 мемлекеттік  ғылыми  стипендия, оның ішінде 50-і дарынды жас ғалымдарға  арналған;

Конкурстық құжаттама ҚР БҒМ сайтында Сыйақылар және стипендиялар бөлімінде орналасқан. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы республикалық баспасөзде  соңғы хабарландыру жарияланған күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кеш емес уақытта  тұрған жеріне байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында» (бұрынғы АҚО) қабылданады (мекен-жайы мына сайтта көрсетілген http://gov4c.kz).

Нақтырақ мәліметті Ғылым департаментінен алыңыз.

(Бас корпус, 226 каб.,  тел. 56-68-22, ішкі нөмір 2226)

Сілтеме.

«Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» туралы

Без рубрики