Мини-футболдан «ҚарМТУ Жатақханалар Кубогы 2017» жарысы


2017 ж. 10 және 11 мамыр аралығында мини-футболдан «ҚарМТУ Жатақханалар Кубогы 2017» жарысы өткізілді. Жарыс  «Армандастар Ордасы» ТК жатақханасы, «Серпіндестер Ордасы» жатақханасы мен  №1 жатақханада тұратын студенттер арасында, Университет спорткешенінің  футбол алаңында өткізілді. Сайысқа 6 топ (ҚарМТУ әр жатақханаларынан 2 командадан) қатысты:

«Армандастар Ордасы» ТК жатақханасы — «Прогресс», «Север»;

№1 жатақханасы – «Қарапайым», «ФК Қыран»;

«Серпіндестер ордасы» жатақханасы — «Жастар», «Номадс».

Командалар А және В деп аталатын екі топтан 3 командаға бөлінді. Әр топ «айналма» жүйе бойынша ойнады. Топтың 1 және 2 орынды иеленген командалары, басқа топтың командаларымен кездесетін жартылай финалға өтті.

Жарыстың нәтижесі:

3-ші орынға талас

«Номадс» және «Қарапайым» командалары кездесті. №1 жатақханасының «Карапайым» командасы негізгі уақытта (4-2) есебімен жеңіске жетті.

Ақтық мәре

«ФК Қыран» және «Прогресс» командалары кездесті. №1 жатақханасының «ФК Қыран» командасы негізгі уақытта (5-2) есебімен жеңіп, ҚарМТУ Жатақханасының Кубогы 2017 иегері атанды.

Жарыстың соңында командаларға дипломдар мен мадақтамалар және құнды сыйлықтар табысталды.

 

Без рубрики