«МАМАНДЫҒЫМ МАҚТАНЫШЫМ!»


2017 жылдың 25-сәуір күні ҚарМТУ-дың «Жастар Әлемі» студенттер сарайында  2016-2017 оқу жылында оқуға түскен «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» — «Серпін» жобасының арнайы грант иегерлерінің арасында, жастардың бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру, өзара тәжірибе алмасу, талантты жастарды анықтау, отансүйгіштігін және азаматтық белсенділігін арттыру мақсатында факультетаралық шығармашылық «Аламан» фестивалінің кезекті факультетаралық «Мамандығым мақтанышым!» байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты:

  • «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» — «Серпін — 2050» әлеуметтік жоба бойынша оқитын грант иегерлерінің өз мамандықтарын насихаттау;
  • Техникалық сала мамандықтарының атағын шығару;
  • Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің мамандықтарды дайындаудағы жетістіктерін көрсету;
  • Факультеттің және мамандықтың имиджін қалыптастыру.

Аталған Жоба қатысушылары ҚарМТУ – да 6 факультетте, 17 мамандық бойынша білім алып жатыр. Әрбір топ өзінің мамандығын барынша ең үздік екенін дәлелдеуге тырысты. Байқауда әр топ студенттері өзінің оқып жатқан мамандығын паш ету мақсатында түрлі бейне-фильмдер, көрініс, өздері шығарған өлең жолдарын дайындады.

Әділқазылар алқасын:

  1. Тәрбие ісі жөніндегі Проректор- Алпысбаева Назым Амангазиевна
  2. Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, профессор, экономика ғылымдарының кандидаты —Тоғайбаев Каден Бариевич
  3. Кураторлар Кеңесінің төрайымы — Смагулова Нұрбибі Абсадыковна
  4. Құрылыс материалдары және технология кафедрасының аға оқытушысы – Сейденова Гульнар Абаевна
  5. Орыс тілі және шет тілдері кафедрасының доценті – Нурпеисова Сәуле Кузенбаевна
  6. Энергетика жүйелері кафедрасының доценті – Кызыров Кайролла Бейсембаевич
  7. Ақпараттық технологиялары және қауіпсіздік кафедрасының аға оқытушысы — Жаркимбекова Айжан Темиржанқызы
  8. «Жас Орда» ҚарМТУ студенттер кәсіподағының төрағасы — Бузяков Рустам Равильевич құрады.

Аталмыш байқау жоғары деңгейде өтті. Іс-шара аяғында әділқазылар алқасы қорытындысын шығарып, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Нәтижесінде «Мамандығым мақтанышым!» байқауында:

ІІІ — дәрежелі дипломмен энергетика, автоматика және телекоммуникация факультетінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының студенттері марапатталды

ІІ — дәрежелі дипломмен Тау-кен факультетінің «Геология және кен орындарын барлау» мамандығы марапатталды;

І – дәрежелі дипломмен  машина жасау факультетінің «материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы марапатталды.

Машина жасау факультетінің «материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы топ жарып шығып, өздері оқып жатқан мамандықтарын мақтан ететінін толықтай дәлелдей алып,  бірінші орынды иеленді. Онымен қоса аталған байқау барысында 27.03.2017ж. — 08.04.2017ж. аралығында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» — «Серпін» грант  иегерлерінің арасында «Мені шыңдаған Серпін» атты шығармашылық байқау және «Менің таңдауым — ҚарМТУ» атты топтар арасындағы бейнеролик түсіру сайысы жарияланып, байқау аяғында студенттерді төмендегідей марапаттады:

  1. «Мені шыңдаған Серпін» атты шығармашылық байқауы:

І-орын – Манап Ерғали (СТ-16-1 тобы);

ІІ-орын – Асылбек Атабек (МВ-15-1 тобы);

ІІІ-орын – Мукатай Ардақ (МВ-16-1 тобы).

  1. «Менің таңдауым — ҚарМТУ» атты топтар арасындағы бейнеролик түсіру сайысы:

І-орын – Көлік, көліктік техника және технологиялары  (ТТ-16-1 тобы);

ІІ-орын – Жылуэнергетикасы  (ТЭ-16-1 тобы);

ІІІ-орын – Машина жасау (МАШ-16-2 тобы).

Без рубрики