«Құлыншақ» және «Таңшолпан» балалар үйі тәрбиеленушілерінің арасындағы «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойыны


2016 ж 26 наурыз «Жас Орда» ҚарМТУ студенттер кәсіподағының  Білім және ғылым орталығы және  «Ақниет» жастар қайырымдылық ұйымы  «Құлыншақ» және  «Таңшолпан» балалар үйі тәрбиеленушілерінің арасындағы «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынын өткізді. Ойын 3 кезеңнен тұрды. Барлық кезеңдердің нәтижесі бойынша оқушыларға сыйлықтар мен жүлделер табысталды.

Бірінші орын үшін «Таңшолпан» балалар үйінің тәрбиеленушісі Вероникаға велосипед берілді. Сыйлықты «Ақниет» ЖҚҰ бұрынғы волонтері Аминов Нүркен сатып алды.

Екінші және үшінші орындар үшін «Құлыншақ» және  «Таңшолпан» балалар үйі тәрбиеленушілері оқушы энциклопедиясын алды.

«Ең білімді»  номинациясында «Таңшолпан» балалар үйінің тәрбиеленушісі оқушы энциклопедиясы алды. Барлық үш энциклопедияны да «Ақниет» ЖҚҰ төрағасы Токушева Айдана сатып алды.

«Ең белсенді»  номинациясында «Құлыншақ» балалар үйінің  тәрбиеленушісі «Ақниет» ЖҚҰ бұрынғы төрағасы Закирова Динадан үстел ойынын алды.

Ойынның басқа қатысушыларына «Жас Орда» студенттер кәсіподағы атынан   тәтті сыйлықтар мен блокноттар табысталды.

Без рубрики