Ұлттың рухани байлығы-қоғам тұтастығының кепілі!


2016 жылдың 14 қазанында рухани келісім күні Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Армандастар Ордасы» тұрғын үй кешенінде дінбасылар өкілдерімен «Ұлттың рухани байлығы-қоғам тұтастығының кепілі» атты тақырыпта диолог алаңы өткізілген болатын. Отырыста «Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММ инспекторы Бедеров Ержан Рымханұлы, Қарағанды облысының орталық мешітінің жастар ісіне жауапты наиб имам Жарымбетов Мұхит, Қарағанды және Шахтинск Подкова православие шіркеуінің кеңес мүшесінің иерархы Александр Александрович, «Литуаника» Литва мәдени орталығының қоғамдық бірлестігінің төрағасы Матайс Вера Юрьевна, «Дакия» Румын мәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Плушкис Николай Васловасович қатысқан болатын.

Кездесу модераторы ретінде «Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Бекмурзаев Бахтиар шыққан болатын.

Іс-шара барысында әрбір қатысушы Қазақстанда тұратын халықтардың теология, дін, мәдениеті және салт-дәстүріне қатысты сұрақтарға толық жауап алуға мүмкіндік алды.

 Диалоговая площадка 1

Без рубрики