Конференцияларға шақырулар


1. 2016 ж. 21- 22 қаңтар Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдарының академиясы, «ҚР минералды шикізатты кешенді ұқсату бойынша ұлттық орталығы» РММ Сіздерді ҚР Мемлекеттік сыйлық иегері, академик Жантөре Нұрланович Абишевтің 80 жылдық және ҚР Мемлекеттік сыйлық иегері, академик Абдурасул Алдашевич Жарменовтың 60 жылдық мерейтойына арналған Абишев оқулары -2016 «Минералды шикізатты кешенді ұқсатудағы инновациялар» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.

Конференция мақсаты: минералды шикізатты кешенді ұқсату саласындағы заманауи зерттеулердің нәтижелерін талқылау, қосымша компонентерді толық алуды қамтамасыз ету.

2. 2015 ж. 10-11 желтоқсан Қазан мемлекеттік энергетика университеті «Приборжасау және отын-энергетикалық кешені мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы автоматтандырылған электр жетек» атты І Поволжье ғылыми- тәжірибелік конференциясына шақырады.

3. 2015 ж. 10-11 желтоқсан ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Қарағанды облысы білім басқармасының ««Сары арка дарыны» аймақтық ғылыми- тәжірибелік орталығымен» бірге жас ғалымдар, ЖОО тсдуенттерін, жоғарғы және орта арнайы білім беру мекемелерінің студенттерін «Қарағанды облысының жас ғалымдарының ЭКСПО-2017 –ге қосқан үлесі» атты зерттеушілік және жобалық жұмыстар конференциясына қатысуға шақырады.
Толық ақпарат Ғылым департаментінде (бас ғимарат, 226 б., тел 56-68-22, ішкі 2226)

Без рубрики