Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шыққанына 28 жыл


2017 жылдың 10-ақпанында ҚарМТУ-дың №1 жатақханасында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шыққанына 28 жыл толуына орай «Ауғанстан ақиқаты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Ауған соғысының ардагері Құнанбаев Асылхан шақырылды.

Дөңгелек үстел барысында студенттер «Қазіргі бейбіт заман сарбаздарынан қандай батырлық, ерлік қасиеттерін көріп жүрсіз?», «Өз тәжірибелеріңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болуы керек деп ойлайсыз?», «Ерлік, батырлық, жауынгерлік ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз?» деген сияқты сұрақтар төңірегінде ой толғатты. Аталмыш іс-шара аяғында студенттер арнайы дайындаған бейнероликтерін тамашалап, өлеңдерін оқып, күйлерін тартып, уақытын бөліп келген ардақты ардагерге алғыстарын білдіріп, шағын естелік сыйлықтарын сыйлады.

 1

«Ауғанстан ақиқаты» тақырыбында дөңгелек үстел

Без рубрики