Кәсіби бағыттау орталығының Шахтинск қаласына үгіт-насихат сапары


2016 жылдың 7 желтоқсаны күні ҚарМТУ-дың Кәсіби бағыттау орталығы мектеп түлектеріне үгіт-насихат жүргізу мақсатында Шахтинск қаласына жұмыс сапарымен барып қайтты.

Іс-сапар барысында мектеп оқушылары ҚарМТУ жайлы мәліметтермен жан-жақты танысты. Мектеп түлектерін универститет жайлы  ақпараттармен төмендегі оқытушылар таныстырды:

  1. Кабикенов Сапар Жомартович – «Транспорттық техника және логистика жүйелері» кафедрасының меңгерушісі;
  2. Коккоз Махаббат Мейрамовна – «Информациялық технологиялар және қауіпсіздік» кафедрасының меңгерушісі;
  3. Югай Вячеслав Викторович – «Байланыс жүйесінің технологиясы» кафедра меңгерушісі;
  4. Макешов Арман Кариевич – «Технологиялық жабдықтар, машинажасау және стандарттау» кафедрасының аға оқытушысы;
  5. Тусупова Гульзат Алиевна – КБО директоры;
  6. Халипова Эльвира Равиловна – «Кен аэрологиясы және еңбекті қорғау» кафедрасының оқытушысы;
  7. «Жас Орда» студенттер және магистранттарының кәсіби одағының өкілі;– Карамырзаева Фариза Максатовна;

Іс-сапар барысында ҚарМТУ студенттерінің  шығармашылық үйірмелерінің қаысушылары оқушыларға арнап концерт қойды.  Кадирбекова Валерия қазіргі заманғы билерді билеп, Ануарбеков Куанышбек «Седая ночь», «Комарово» сияқты әндерді орындап, ал Сериков Темирлан гитарада ойнады.

Без рубрики