«Көшбасшы-Сардар»

2016 жылдың 13 қазанында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Жастар Әлемі» студенттер сарайында «Мәңгілік ел жастары — индустрияға» — «Серпін — 2050» бағдарламасы бойынша оқуға түскен грант иегерлерінің арасында «Көшбасшы — Сардар» сайысы өтті.

Сайыстың мақсаты – Жобаға қатысушыларды біріктіру, достық қарым-қатынасын арттыру, өзара тәжірибе алмасу, дарынды жастарды анықтау, жастардың патриоттық және азаматтық белсенділігін арттыру, көшбасшылық қасиеттерін дамыту.

Сардар — «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» — «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша білім алып жатқан тәлімгерлер арасынан ашық сайлау арқылы тағайындалған көшбасшы.

Сайыс 3 кезеңнен тұрды:

  1. Сайыскерлердің өзін таныстыруы;
  2. Сайыскерлердің өз өнері;
  3. «Таң қалдыру».

Сонымен қатар, Сардар болуға үміткер, өзінің сайлау алды бағдарламасын дайындады. Егер үміткер Сардар болып сайланған жағдайда, жасалатын іс-шаралардың мазмұны және нақты мерзімдерін, «Серпін-2050» бағдарламасымен білім алып жатқан жастарды біріктіретін идеяларын, Студенттердің сабақтан бос уақытта патриоттық тәрбиеге баулитын ұсыныстарын айтты. Мыңнан оза шауып, өзін «Көшбасшы-Сардар» болуға лайықтымын деп санайтын 8 үміткер болды: Манап Ерғали (СТ-16-1), Тұрғараев Бекболат (ЭЭ 16-1), Сейдақбар Бекасыл (ПСК 16-1), Кабадулла Таңшолпан (ТЭ-16-1), Шатемиров Шахабиддин (НД 16-1), Қаратай Гүлзира (СТ 16-1), Жакипов Сұлтан (ГПР 16-1), Арын Сұлтанғазы (МАШ-16-2). Үміткерлерімізді бағалайтын әділқазылар алқасын Тәрбие ісі жөніндегі проректор – Алпысбаева Назым Амангазиевна, Ақсақалдар Кеңесінің төрағасы – Тоғайбаев Каден Бариевич, Кураторлар Кеңесінің төрайымы – Смагулова Нұрбибі Абсадыковна, «Серпін-2050» оқу орталығының жетекшісі – Жетпісбай Шолпан Ахановна, Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының оқытушысы – Күлейменова Лайла Мадениетовна, Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы – Теміржанова Шолпан Мейрамовна құрды. Аталған сайысқа үміткерлер жоғары деңгейде дайындалды, аталған сайыста мыңнан оза шапқан СТ-16-1 тобының студенті Манап Ерғали «Көшбасшы-Сардар» атағына ие болды.