Көшбасшы-Сардар

2015 ж. 21 қыркүйек  15:00-де «Жастар Әлемі» жастар сарайында Университеттің «Мәңгілік ел жастары — индустрияға» атты әлеуметтік жоба шәкіртақысының иегерлері- 1 курс студенттері арасында өзін-өзі басқару иститутын және «Сардар» көшбасшы тобын құру мақсатында «Көшбасшы-Сардар» іс-шарасы өтті.

Университет студенттерінен 350 адам қатысты. Бұл «Жастар Әлемі» жастар сарайының толық сыйымдылығы. Студенттермен бірге факультет декандарының тәрбие ісі бойынша орынбасарлары және академиялық топ кураторлары болды.

Аталмыш іс-шара мақсаты «Серпін 2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша шәкіртақы иегерлері арасында тәрбие жұмысын қатайту.

«Мәңгілік ел жастары — индустрияға» «Серпін — 2050» әлеуметтік жобасының республикалық ұйымдастыру кеңесінің төрағасы М.А.Абеновтың 07.09.2015 жылғы №100 хатына сәйкес «Кошбасшы-Сарадар» көшбасшысы болып РЭТ-15-2 тобының студенті Копейсинов Ерлан және МВ-15-1 тобының студенті  Базарбай Ақмарал таңдалды.

Іс-шара ұйымдастырушылары – Университеттің жастар саясаты департаменті.