Халықаралық Terricone valley IT-WEEK.KZ 2019 форумы


2019 жылдың 24-27 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласында Халықаралық Terricone valley IT-WEEK.KZ 2019 форум өтті. Оған БЖТ кафедрасының студенттері де көрермен ретінде қатысты. Студенттер ІТ технологияларының жаңа әзірлемелерімен танысып, кейбір жабдықтарды сынақтан өткізді.

Форумның мақсаты — кәсіпкерлер, инвесторлар және мемлекет өкілдері қалада және облыста ІТ-инфрақұрылымын дамытуды талқылайтын алаң құру, ал жаңадан бастаған мамандар нақты уақыт режимінде дайын техникалық шешімдер жасауы.

IT-WEEK.KZ 2019 міндеттері:

  • аймақтың IT қауымдастығын қалыптастыру;
  • тұрғындар арасына, ақпараттық технологиялар саласындағы жаңа өнімдері туралы ақпаратты тарату;
  • билік органдарымен электрондық өзара әрекеттесудің мүмкіндіктері туралы азаматтарды ақпараттандыру;
  • аймақтағы IT индустриясының дамуына ықпал ету;
  • ІТ-мамандықтардың тұсаукесері, жетекші компанияларда тағылымдамалар және оқу бағдарламалары.

IT-week-2019 бағдарламасына сәйкес хакатондар, жәрмеңкелер, көрмелер, отандық және халықаралық спикерлерден дәрістер мен воркшоптар өткізілді. Көрмелердің негізгі тақырыбы басып шығару және сканерлеу 3D технологиясы, оқу кабинеттерін жабдықтау, робототехника және т. б. тақырыптарға арналды.

 

Без рубрики