Инновациялық технологиялар колледжі студенттерінің ҚарМТУ ғалымдарымен кездесуі


Инновациялық технологиялар колледжі студенттерінің ҚарМТУ ғалымдарымен кездесуі

11-ші сәуір күні ҚарМТУ Инновациялық технологиялар колледжінің ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағадарламасы аясында және Университетіміздің 65 жылдығы қарсаңында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің белгілі ғалым, профессорлары Ынтықов Тоқмырза Смағұлұлы және Қызыров Қайролла Бейсембайұлының қатысуымен ерекше кездесу өткізілді.

.

Кездесудің негізгі мақсаты: Колледж студенттерімен аға буын өкілдерінің яғни, Республикамызға, Қарағанды өңіріне белгілі тұлғалар, университет ғалымдары, профессорлары туралы олардың өмір жолдары, атқарған еңбектері, университеттің құрылуына, техника ғылымына қосқан үлестері, шәкірт тәрбиелеуде, ғылым жолында аянбай еткен ерен еңбектері туралы пікір алмасу болатын.

Колледж студенттерімен өткен кездесуді Инновациялық технологиялар колледжінің директоры Смагулова Нурбиби Абсадыковнаның алғы сөзімен ашылып, профессорларға сөз беріліп, ұлағатты ұстаз, ғалымдардың өмір жолдары, сіңірген еңбектері туралы және колледж студенттерінің қоғамдық өмірлері жайында әзірленген слайд, видеолар көрсетілді.

 

Сондай-ақ, І және ІІ курс студенттері Бегалиев Ернұр, Утегенова Жансая, Амелешкин Денис, Камашев Мағжан және т.б. студенттердің қойған әр түрлі сұрақтарымен жалғасып, кездесудің соңында құрметті қонақтарға колледж директоры Смагулова Нурбиби Абсадыковна алғыс сөз арнап, колледж ұжымы атынан сый, құрмет көрсетті. Кесдесуді қорытындылай келе, колледж оқытушылары мен студенттерінің орындауындағы отансүйгіштік рухта жазылған белгілі композитор Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқтады

Без рубрики