«Грэпплинг күресінен облыстық чемпионаты»

Ақпанның 14-і жұлдызында Қарағанды қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ересектер және ерлер арасында грэпплинг күресінен облыстық чемпионат өтті. Аталмыш додаға 150-ден астам палуандар қатысты. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің намысын қорғап, 15 спортшы ат салысты. Қарағанды жоғарғы оқу орындарының арасынан жоғары ұпайға ие болып, үздіктердің қатарына қосылған жігіттер іріктеу кезеңнен шалынбай өтті десек, қателеспеспіз. Атап айтсақ, Алдияр Тайлақбай (66 кг.) — ГПР-13-2 тобы, Айбар Оразалы (58 кг.) – ОП-14-2 тобы — І орын, ҚарМТУ мақтанышы, қазақ елін әлемге танытып жүрген азамат Нұржан Сейдуали (62 кг.) – ГД-12-6 тобы, ІІ орынға ие болды. Аталған есімдер ҚарМТУ-дың беделді студенттері қатарына жатады.
Палуандар 6-8 наурызда Ақтөбе қаласында ерлер арасында және 26-28 наурызда Орал қаласында жасөспірімдер арасында өтетін Қазақстан Республикасының іріктеу кезеңіне қатысады.