«Ең үздік аспазшы» байқауы

«Үздік аспаз – бұл қиял мен сезімнің, мінездің көптігі»,- демекші студент аспазшылардың  кәсіптік  деңгейін  көтеру, ас дайындау кезінде жаңа технологиялық әдістерді қолдана білуге, өз жұмысында шығармашылықпен  жұмыс жасауға жетелеу мақсатында 2016 жылдың 23 сәуір ҚарМТУ-дың №1 жатақханасында Студенттер Кеңесінің ұйымдастыруымен «Серпін-2050» жобасының арнайы грант иегерлерінің арасында «Ең үздік аспаз» байқауы өтті. Байқауға әр қабаттан 2-3 студенттен шықты. Байқау өте жоғары дәрежеде әрі тартысты болып өтті. Бір-бірінен өткен алуан түрлі, дәмі тіл үйіретін тағамдар әзірленді. Қазылар алқасының құрамын «Серпін-2050» оқу орталығының жетекшісі, Жетпісбай Ш.А., №1 жатақхананың әкімшілігі, Майнура Аманжоловна, Студенттер Кеңесінің төрайымы, Алимханова Еркежан, ЭАТФ факультетінің төрағасы Ерназар Жанболат құрды. Байқау соңында «Ең үздік аспазшы» да анықталды, әділқазылардың шығарған нәтижесі бойынша бірінші орынды 2-қабатта тұратын Изатулла Әйгерім мен Кішкенбаева Бибігүл иеленсе, екінші орынды 3-қабатта тұратын Пардобаев Дихонбай және үшінші орынды Еркінұлы Азамат пен Абдугаффаров Шахризад иеленді.