Дебатный турнир


Қарағанды қаласының Әкім Кубогына дебат жарысы

2012 жылдың, қазан айының 20-21 күндері Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде Қарағанды қаласының Әкім кубогына қалалық дебат жарысы өтті. Жарыс ұйымдастырушылары «Жас Орда» студенттер мен магистранттар кәсіби одақ ұйымы және МБ «Қарағанды қаласының ішкі  саясат бөлімі» болды. Жарысқа 100-ден аса студенттер қатысты. ҚарМТУ, ҚарМУ, КЭУК, ҚММУ, Болашақ студенттері жарысқа қатысты. Ойындар үш лигада өтті (қазақ, орыс, ағылшын). Екі күндік пікір сайысынан кейін жеңімпаздар анықталды.

 

Орыс лигасы:

1 орын — «Талион принципі» ҚарМУ тобы — Шарипова Нурида, Кубаева Айғаным.

2 орын- «БЭЖЕ» ҚарМТУ тобы — Костельцев Юрий, Карпов Стас.

3 орын — «NND» ҚарМУ тобы — Елемесова Айгерім, Жақсыбаева Думан.

Үздік спикер – Шарипова Нурида.

Қазақ лигасы:

1 орын- «Gangnamstyle» ҚҚЭУ  тобы — Бибасар Данияр, Ертай Хуанбек.

2 орын – ҚарМТУ тобы «Сарыарқа серілері» — Сәдубайұлы Нұрым, Тугаев Ерболсын.

3 орын — «Президент» ҚҚЭУ тобы- Қуанышев Еркебұлан, Отарбаев Аблай.

Ағылшын лигасы:

1 орын – КЭУК тобы

2 орын– ҚарМТУ тобы

3 орын – ҚарМУ тобы

Без рубрики