«Даму» кәсіпкерлік қоры кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алуға өтініштер қабылдайды

Ағымдағы жылдан бастап ««Даму» кәсіпкерлік қоры» АҚ» «Студент жастардың кәсіпкерлік ынталарын қолдау» жобасын жүзеге асыруға кірісті.

Жобаны жүзеге асыру  шеңберінде ««Даму» кәсіпкерлік қоры» АҚ» Қарағанды облысы бойынша аймақтық бөлімшесі ҚарМТУ-мен ынтымақтастықта кәсіпкерлік негіздері бойынша ЖОО студенттеріне арналған 4 күндік семинар-тренингтер өткізеді.

4 күн ішінде Жоба қатысушылары бизнес-жаттықтырушылар мен табысты кәсіпкерлердің жетекшілігімен бизнес жүргізу дағдылары бойынша білім алады. Семинар-тренингтер аяқталғаннан соң сертификаттар беріледі.

Жоба түлектері үшін бизнес құру және дамыту, бизнес-жоспар дайындау, кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелу, құжаттар пакетін дайындау  және екінші деңгейдегі банктер несиесі бойынша «Даму» қорының  көмек көрсетуінің  қаржы құралдарын алуға өтініш беру  бойынша консультациялық-тәжірибелік сүйемелдеу көрсетілетін болады.

Сондай-ақ, қатысушылардың жобаларын  дамыту және табысты іске асыру үшін қайтарымсыз негізде табысты және тәжірибелі кәсіпкерлер арасынан Тәлімгерлер жұмылдырылады.

Жобаны іске асыру шеңберінде қалыптасуы мен бизнесті сәтті жүргізу дағдыларының қалыптасуы барысында Стартап-компания, қатысушылардың тұрақты дамуына қол жеткізу  мақсатында тәлімгерлік институтын енгізу жоспарлануда.

Топ қабылдау және «Студент жастардың кәсіпкерлік ынталарын қолдау» бағдарламасы бойынша оқыту тоқсан сайын жүргізіледі.

6na3JDDrNmw-2

Без рубрики