Бізбен бірге мансап жолыңды белгіле!


2017  жылдың 17 қарашасы күні ҚарМТУ-дың Жұмыс мамандықтарының орталығының ұйымдастыруымен ТКФ, МФ, ИТФ, СҚФ, ИЭМФ, ЭАТФ және ЖКФ-терінің студенттерінің қатысуымен «Эфес Қарағанды» компаниясының өкілдері «Бізбен бірге мансап жолыңды белгіле!» атты кездесу жүргізді.

Компанияның жас мамандарға ұсынатын мүмкіндіктері мен жұмыс  түрлері жайлы мамандар Мадина Сергазина мен Ринната Мусина әңгімеледі. Кәсіпорын туралы қысқаша таныстырылым мен бейнеролик  көрсетіп, студенттердің сұрақтарына жауап берген компания өкілдері «Эфес Қарағанды» кәсіпорнына жұмысқа тұрған жағдайда ұсынылатын әлеуметтік мүмкіндіктер мен еңбекті қорғау, ынталандыру шаралары жайлы айтып өтті.

Бұл кездесу ҚарМТУ-дың болашақ түлектерінің арасынан дарынды студенттерді анықтап, олардың кәсіпорындар ұсынатын әртүрлі жобалар мен бағдарламаларға қатысып, университетті тәмамдаған соң жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін ұйымдастырылуда.

Без рубрики