Білім министрлігі қарсылық білдірмейді: әлемдік атағы бар ғалым болудың қарапайым және қымбат емес жолы


Профессор және доцент атақтарын бұған лайық емес адамдар алып жатыр, ал Білім министрлігі жоқ нәтижелермен мақтануда. PhD докторы Данияр Сапаргалиев және Almaty Management University ректоры Асылбек Кожахметов жасалған зерттеулерінен кейін осындай шешімге келді.

Жоқ басылымдар
Асылбек Кожахметов
Білім және ғылым министрлігі ресми түрде жариялайды: 2014 жылы қазақстандық ғалымдар халықаралық ғылыми журналдарда 2000 басылым жасады. Шын мәнінде, Scopus әлемдік ғылымиметрлік базаға сәйкес тек 1942 басылым жасалған. Оның ішінде- 1606 журнал, ал конференция материалдары, кітап бөлімдері, кітаптар, патенттер және т.б. -336. Ғылыми журналдағы мақала- бұл бастапқы әдебиет және ғалым жұмысы жетістігінің шыңы екендігін айтып өткен жөн. Басқалары ғылыми ортада есепке алынбайды.
Яғни, Білім министрлігі біраз дөңгелетіп, қосып жазған. Бірақ бұл әлі соңы емес.

Профессор лауазымын тәртіп бұзушылықпен берген
Өткен жылы құрметті «профессор» лауазымына ие болған 30 ғалымның тек 7-еуі ғана талапқа сай келеді. Лауазымды тағайындау туралы бұйрықтарды және Scopus және Web of science ғылымиметрлік базаларды салыстыра отырып Данияр сапаргалиев және Асылбек Кожахметов бұны дәлелдеді.
— Біз Білім және ғылым саласында бақылау комитеті сайтындағы және ғылымиметрлік база мәліметтерін талдадық,- деп, «Педагогика және психология» мамандығының PhD докторы Данияр Сапаргалиев жағдайға түсінік береді.- Яғни, біздің көптеген доцент және профессорларымыз жалған басылымдарда жарияланады. Біз ол ғалымдардың тегін ғаламтордан таба алмаймыз.
Данияр Сапаргалиев

— Профессор лауазымы берілген 30 адамнан тек 7-еуінің ғана дәлелдейтін мақалаларын таба алдық, -дейді Сапаралиев.- Доценттердің 19-ның тек 2-уі ғана талаптарға сай келеді. Көбісі Білім министрлігінің талаптарына да сай келмейді. Бұл ғылыми дәреже берілу барысында рецензияланбайтын басылымдарда жарияланған мақалалар есепке алынғандығын көрсетеді. Біздің ғалымдар «Мен танымалмын және белгілімін» деп айтады, бірақ олар Google Scholar жүйесінде де, Web of science немесе Scopus базаларында да жоқ. Егер Сіз онда болмасаңыз, яғни Сіз ғылым аймағында жоқсыз.Сіз белгелі ғалым болып есептеле алмайсыз.
Справка

scienes

scorpusscorpus1

Мәселен, 2011 жылы Қазақстан ғылымның әлемдік аренасына шығуға бет бұрды. Бұған дейін республикамыз бұл аренада ондаған көрнекті ғалымдармен таныстырылған. Алға жылжы болды, дегенмен, шенеуніктер қалағандай емес болғаны ғой, себебі мынадай бұйрық шықты: « «Профессор» лауазымын алу үшін нөлдік импакт- факторлы журналдарда кемінде 3 мақала жариялау қажет. «Қауымдастырылған профессор» (доцент) лауазымын алу үшін нөлдік импакт- факторлы журналдарда кемінде 2 мақала жариялау қажет.»

Бір күндік- жыртқыштардың құрбандары
Қазақстандық ғалымдарды атақ құмарлықтарын, алдайды. Сондықтан олардың ғылыми мақалалары «жыртқыштық» немесе жалған басылымдарда жарияланады. Бұл импакт- факторы жоқ бір күндік журналдар, және де ғалымдар арасында олардың ешқандай беделдері жоқ, бірақ олар өз құрбандарын өздерінің басылымдарында жарық көрген мақала ғылыми беделге ие болады деп көндіреді.
— Қазақстандық ғалым мынадай жағдайға тап болды: Білім министрлігінде оған: « Сіздің бұрын Мәскеу және Петербургке барып, сөйлегеніңіз енді есепке алынбайды, — деп Данияр Сапаргалиев ғылыми дәреже берілу саны көбеюінің құпияларын аша отырып жалғастырды.- Бізге Сіздің халықаралық деңгейде шыққаныңыз қажет.» әрине, адам сол деңгейді іздей бастайды және «жыртқыш» басылымдарға кезігеді. Онда оларды «данышпан ғалым» деп мақтап, мансапқорлықтарын дәріптеп, жұмыстарын ақшаға жариялайды. Түсінесіздер ме, жақсы даңқты журнал тек жақсы жұмыстарды басылымға шығарады және мұндай басылымның беттеріне шығу өте қиын. Оларға ақшаның қажеті жоқ, оларға идея керек. Редактордың артынан жүгіруге тура келеді. «Жыртқыштармен» әлде қайда оңай, олар сені өздері іздеп табады, әдемі сертификат береді, мақтаулар айтады, бірақ ақша алады. Бірақ өкінішке орай біздің отандастырмыз бұған дайын.

Басқаша да болады. Web of Science базасында 11 000 журнал, Scopus базасында 20000 жуық журнал индекстеледі. Бұл базаларда да статистикалық қателіктер болады, осыған байланысты олардың тізіміне «жыртқыш» басылымдар кіреді. Бірақ, салыстырмалы түрде олардың саны бұл базаларда көп емес, яғни 2000 нақты ғылыми журналдарға 10 «жыртқыш» журналдан келеді. Түсініксізі, дәл қазақстандық ғалымдардың 20000 журналдың ішінен «жыртқыштарын» тауып, сонда жарияланулары. Статистика бойынша рецензияланбайтын журналдардағы басылым бойынша Қазақстан алдыңғы қатарда тұр. Себебі, маңыздыларға алмайды.

Мемлекет үшін абыройсыздық
— Біздің ғалымдарымыздың мақалаларының жартысы қоқыс басылымдарда жарияланады,- дейді Данияр Сапаралиев.- ал бұл мемлекет үшін абыройсыздық, себебі, осы мәліметтерден мемлекеттік сатистика- институтционалдық және авторлық — құрылады. Мәселен, бұдан барлығына жақсы- министрлікке жақсы, даму жүріп жатыр. Ғалымдар үшін де жақсы- лауазым да, дәреже де алады. Тек Қазақстан үшін ғана жаман. Себебі, сандық көрсеткіштер тек республика ішінде ғана жақсы атаққа ие боды, ал негізінде қазір ұлттық ғылым құнын жоғалтып жатыр. Соңғы 2- 3 жылда болып жатқаны сол. Мұндай қарқынмен, бізді ғылым жаңа ғана дамып келе жатқан үшінші ел деп біледі. Әлемде бұл «иран ауруы» деп аталады. Және бұл ғылым емес. Бұл- мемлекетті алдау, әлемді алдау. Мені, жас зерттеуші ретінде бұл жағдай қобалжытады. Мен өзім туралы: «Барлығы жалған журналдарда басылымға шығатын елден жас зерттеуші келді» — деп айтқанын қаламаймын. Сандық көрсеткіштерге ермей, сапалы жетістіктерге қарағанымыз жөн. Ал біз оларды өз қолымызбен жойып жатырмыз. Білім және ғылым министрлігі ғалымдардың жақсы рецензияланатын журналдарда жарияланғандықтарын бақылаулары қажет.
Егер сыпайылық қағидаларын шетке ысыра тұрсақ, тайға таңба басылғандай анық көрінері: бұның барлығы- жемқорлықтың жаңғырығы. Егер ғылыми лауазымға ие болу қолынан келмей жатса, бірақ қызметте өсуге қажет болса, оны сатып алуға болады. Ақша беріп «Жыртқыш» журналда басылымға шығып, қажет басылым санын жинап алсаңыз, және Қазақстанда қалған диссертация, оны қорғау және т.б. мәселерді шеше салсақ болғаны. Ал ғылыми ашылулар сияқты ойындарды лауазымды сатып алуға қаражаты жоқ кедейлер ойнасын.
Мақала 365info.kz сайтынан алынды

Без рубрики