Басты


Кафедрада білім берудің негізгі принципі кредиттік жүйе негізінде шетел тілдерін мамандыққа бағыттап оқыту болып табылады. Алдағы жылдары кафедра алдында мынадай мақсаттар тұр:

Техникалық мамандықтарының көп тілділік білімін арттыру

• Болон процесі талаптарына орай кафедра оқытушыларының біліктілігін көтеру.

• Тілдік емес мамандықтарда сабақ жүргізетін оқытушылардың тілдік білім беруге назарын аударту.

Білім берудің қазіргі заманғы талаптарының бірі оқытудың инновациялық формаларын енгізу болып табылады. Осы талапқа орай мультимедиялық кабинет, интерактивті тақтасы бар аудитория жарақтанып, электрондық оқу басылымдары мен презентациялар құрастырылуда. Кафедраның алға қойған мақсаты инженерлік мамандықтар бойынша шетел тілдерін тереңдете оқытуды іске асыратын факультеттегі профессорлық – оқытушылар ұжымының оқу- әдістемелік біліктілігін заманауи оқыту технологиясын енгізу арқылы арттыру негізінде бәсекелік талаптарына сәйкес келетін жоғары деңгейлі мамандар даярлау.

Без рубрики