БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ


8 қаңтарда ҚарМТУ-дың бас корпусында (337 аудитория) студенттердің жауынгер-интернационалистермен кездесуі өтеді. Кеңес жауынгерлерінің Ауған жерінен шығарылуының 28 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отырған сарбаздарды еске алу шарасы студент жастар үшін тәрбиелік маңызы зор шараның бірі болып табылады.

Жастармен сұхбатқа Қарағанды қ. ««Ардагер» Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» ҚҰ-ның төрағасы Талғат Хасенов, оның орынбасарлары Амангелді Байкенов және Сергей Сахнов және одақ мүшелері Айтбай Жұматаев, Юрий Гнедин, Жепіс Абишев сияқты жауынгерлер қатысады.  Кешті университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Назым Аманғазықызы Алпысбаева жүргізеді.

Демократиялық Ауған Республикасында соғыс жылдары 22 мың қазақстандық әскерлер Отан алдындағы борышын өтеген. Олардың 770 мыңы қаза тапқан. Қарағанды облысынан 21 сарбаз елге оралмаған. 21 жауынгерден хабар-ошарсыз кеткен.

Сол жастардың ішінде ҚарПТИның студентері болған. Олар: Виктор Станиславович Весельский, Александр Павлович Лапушкин, Владимир Анатольевич Скибин, Олег Валентинович Пособилов, Дмитрий Всеволодович Прокопович.

Әр жылдың 15-ші ақпаны жауынгер-интернационалистер үшін қасиетті күн саналады, өйткені бұл күні 10 жылға жуықтаған соғыс аяқталып, өрімдей жастардың қанды шептен елге қайта орала бастаған күні екендігін ескертеді. Бір жағынан, бұл күн қуанышты күн сияқты атап өтілсе де,  екінші жағынан,  көптеген жанұялардың ұрыстан оралмаған ұлдарын аза тұту күні болып табылады. Сондықтан бұл соғыстың қасіреті мен естелігі әлі талай ұрпаққа сабақ болары сөзсіз. Мұндай кездесулердің жиі болып тұруының жастар үшін маңызды айрықша екені де рас.

Без рубрики