Қазақ тілін оқытудағы жаңа инновациялық әдістер


2017 жылғы 12-маусымы күні Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті бас ғимаратының конференц-залында «Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуда қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдер» атты Республикалық ғылыми-практикалық семинардың ашылу рәсімі өтті.                                  Мақсаты – шетелдік әдіс-тәсілдерді пайдалануды негізге ала отырып, тілді оқытудың деңгейін жоғарылату үшін  әлемдік ақпараттық әдістемелерді білім кеңістігінде тиімді пайдалану, тілді оқытуда – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оңтайлы қолдану.  Бұл семинар ұстаздарға тілді оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдерді, жаңа идеяларды меңгеріп, жан-жақты және жаңаша оқытудың тиімді жолдарын жүйелі түрде қолдануға мүмкіндік береді.

Семинарға Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ғалымдары: филология ғылымдарының докторы, профессор Жандос Қожахметұлы Смағұлов,  филология ғылымдарының докторы Берік Серікбайұлы  Рақымов,   филология ғылымдарының докторы Алма Советқызы Әділова қатысты.

Без рубрики