«ҚАЗАҚСТАННЫҢ АНТИЯДРОЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

2016 жылғы 2 қыркүйекте Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде Семей полигоны жабылуының 25 жылдығына арналған «Қазақстанның антиядролық бастамалары» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге баяндамаларымен «Неведа-Семей» қозғалысы Қарағандылық филиалының төрағасы Хамиев М.Х.; ҚР Журналистер одағының мүшесі, «Қарағанды облыстық Чернобыль-Семей ардагерлер одағы» кеңесі төрағасының міндетін атқарушы, ЧАЭС апатын жоюға және 1986 жылдың 2 қыркүйегінде Семей ядролық сынақ полигонын жабуға қатысушы, халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының белсендісі Минин В.М.; медицина қызметінің полковнигі, Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысушы, Семей атом полигонында қызметін өтеген Көпбаев Ж.Б.; Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысушы Баекенов М.К.; сонымен қатар Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысушы, кеңес мүшесі Науменко И.К.; ҚарМТУ-дың ПОҚ және студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстанның ядролық қауіпсіздікті арттыру жөніндегі саясатын іске асыру құралдары мен тетіктерін одан әрі дамыту бойынша тәжірибе алмасу.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың баяндамаларын талқылауда келесі ұсыныстар қабылданды:

  1. Семей ядролық сынақ полигонына Дүниежүзілік мұра мәртебесін беру. ССП Дүниежүзілік мұражайында ұрпақтар үшін әлемдік достастық құру.
  2. Қазіргі уақытта ерекше назарды Семей өңіріндегі елді мекендердегі радиоэкологиялық ахуалды зерттеу Институтына аудару керек.