«Ауған ақиқаты»


2017 жылдың 9-ақпанында ҚарМТУ-дың «Серпіндестер Ордасы» жатақханасында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 28 жыл толуына орай «Ауған ақиқаты» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері Садықов Нұрлан және Құнанбаев Асылхан шақырылды.

Кездесудің мақсаты — Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету. Кездесу барысында қонаққа келген Ауған соғысы ардагерлері өздерінің өмірбаяндарын, сол сұлапыт кезеңде қандай қиыншылықтар көргенін еске алды. Қонақтар студенттердің арнайы дайындаған бейнероликтерін тамашалап, әуезді күйлерін, өлең шумақтарын тыңдады. Студенттер қауымы осы жан түршігерлік оқиғаға байланысты көкейінде жүрген сауалдарына жауап алды.

Іс-шара аяғында студенттер арнайы дайындаған «Ауған ақиқаты» атты өлеңдер жинағын табыстап, шағын естелік сыйлықтар сыйлады. Бұл кездесу әрбір бойжеткен мен бозбалаға еліміздің Тәуелсіз болуы, өзге елдермен тереземіз теңесіп, керегеміз кеңеюдің, маңдайымыздағы жұлдызымыздың жарқырауы осы ағаларымыздың арқасы екенін еске салды.

«Біз, қазіргі жастар, тәуелсіздіктің  дәмін татып, бақытты ғұмыр кешіп жүрміз. Осы қуанышты  сыйлау үшін ата – бабаларымыз бар күшін аямай, тәуелсіздікті алу үшін бізді басқа елдің құлы, күңі болмау үшін күресті. Біздің түйгеніміз – осы» деп бірауыздан студенттер қауымы түйінді сөздерін айтып, уақыттарын бөліп келген Ауған соғысы ардагерлеріне алғыстарын білдірді.

ser1

 ҚР-ның Әнұранын орындау барысында

ser2

Ауған соғысы ардагерлері

ser3

«Көңіл толқыны» күйін орындауда

ser4

Студенттердің арнайы дайындаған

«Ауған ақиқаты» өлеңдер жинағы

 ser7

ser5

Студенттердің Ауған соғысы ардагерлерімен естелік суреті

Без рубрики