ҚарМТУ студенті  Амирғазы Еламан республикалық конкурста  жүлделі үшінші орынды иеленді


Махамбет атындағы облыстық драма театрында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Мемлекеттік әнұранның (мәтіні) авторы, көрнекті ақын Жұмекен НӘЖІМЕДЕНОВ атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің I республикалық байқауы өтті.

Байқау ұйымдастырушысы – Атырау облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы. Байқауға 18-35 жас аралығындағы еліміздің әр өңірінен келген 17 қатысушы қатысты.

Байқауға Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Электрэнергетика, автоматтандыру және телекоммуникация» факультетінің 3 курс студенті, «Ұлттық тәрбие тағылымы» үйірмесінің мүшесі Амирғазы Еламан қатысып, 17  үміткердің арасынан озып шығып жүлделі үшінші орынды иеленді. Ғылыми жетекшілері – қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы, пед.ғылымдарының магистрі Әбілқасов Ғабиден Мәжитұлы, аға оқытушысы Хасен Мұрат Әбдірахманұлы

Без рубрики