«ҚарМТУ — Schneider Electric» авторландырылған білім беру орталығының ашылуы

2015 ж. 8 қазан 11:00 ҚарМТУ-дың бас ғимаратында «ҚарМТУ — Schneider Electric» авторландырылған білім беру орталығының ашылуы болады.

Орталықты ашу идеясы ҚарМТУ-да бір жылдан астам уақыт бұрын пайда болды. Бұл ынтаны Францияның ұлттық білім беру, жоғары білім беру және ғылым министрлігі, сонымен қатар Schneider Electric қоры қолдады.

«Шнейдер Электрик –Қазақстан» ЖШС және ҚарМТУ-дың жүйелі ынтымақтастығының нәтижесінде мамандар дайындау, қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру және біріккен ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша энергетика және автоматтандыру зертханасының құрамында «ҚарМТУ — Schneider Electric» авторландырылған білім беру орталығын ашу туралы шешім қабылданды.

Орталық негізінде, ҚР БҒМ-нің ИИДМБ-2 үшін мамандар дайындау бойынша бейінді магистратураның «Робототехника. Басқару жүйелері» атты жаңа білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға бөлген қаржы есебінен металлургиядағы автоматандыру зертханасы ашылды. Осы мақсатта ҚарМТУ оқытушыларын қайта дайындау жоспары құрылды, ал зертхана «Schneider Electric» өндірген заманауи жабдықтар және әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілген.

Францияның ұлттық білім беру, жоғары білім беру және ғылым министрлігі аталмыш жобаға көп мән бергендіктен орталықтың ашылуына Францияның Қазақстандағы елшісі Франсис Этьеннің бастамасымен келетін делегация құрамында Министрлік, «Schneider Electric» қоры өкілдері және басқа да ресми тұлғалар болады. Ашылу салтанатына Қарағанды облысы әкімдігінің қызметкерлері және Орталық Қазақстанның құрылымдық кәсіпорындарының өкілдері қатысады.

Ғылыми зерттеу, инжиниринг және өзекті бағыттар бойынша, шынайы экономика секторына қажетті мамандардың біліктіліктерін арттыру салаларында инновациялық орталықтар ашу, университеттің білім беру және ғылыми іс-әрекеті бағыты дамуындағы және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «бес институционалды реформаларды жүзеге асыруға 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға қатысудағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады.

Без рубрики