2016 жылғы 26-28 қыркүйекте жыл сайынғы дәстүрлі «Конфуций Институтының күнін» мерекелеу өтеді.


Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде 2016 жылғы 26-28 қыркүйекте жыл сайынғы дәстүрлі «Конфуций Институтының күнін» мерекелеу өтеді. Биыл бұл өзіндік халықаралық іс-шара «Конфуций Институты Жібек жолында» ұранымен өтіп жатыр.

Баршаға мәлім, гуманитарлық саладағы қытай-қазақ ынтымақтастығын одан әрі дамыту, қытай және қазақ халықтарының арасындағы өзара түсіністік және достық қатынастарды дамыту құралы ретінде қытай тілін зерделеу мен оқытуға қолғабыс көрсету мақсатында 2009 жылғы 28 қазанда ҚарМТУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиев пен Шихэцзы Университеті Педагогика институтының ректоры Цай Вэньбо университеттер арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға, сондай-ақ ҚарМТУ жанында Конфуций Институтын құру туралы келісімге қол қойған болатын. ҚарМТУ жанындағы Конфуций Институтын салтанатты ашу рәсімі болып өтті. Ашу рәсіміне: ҚР-дегі ҚХР елшілігінің кеңесшісі Чэнь Хунган, ректор Сян Бэнчунь бастаған Шихэцзы Университетінің  делегациясы, сондай-ақ Астанадан, Алматыдан және Ақтөбеден Конфуций Институттарының өкілдері қатысты.

Биыл Шихэцзы Университеті делегациясының ҚарМТУ-да Конфуций Институтының құрылу күнін мерекелеуге келуі 26 қыркүйекте, дүйсенбіде күтілуде. Келген күні, яғни 26 қыркүйекте сағ. 15.00-18.00 ҚарМТУ-дың 1-ші корпусында Университетке, соның ішінде Конфуций Институтына экскурсия жасалады және берілген тақырыпқа Ли ханым және басқалар дәріс оқиды, ал 2016 жылғы 27 қыркүйекте сағ. 11.00-12.00 «Жастар Әлем» Орталығында салтанатты жиналыс және Шихэцзы Университеті мен ҚарМТУ студенттерінің күшімен бірлескен мерекелік концерт өтеді. Содан соң түскі астан кейін сағ. 14.00-17.00 жооның 1-ші корпусының холлында мерекелік іс-шаралар, соның ішінде өнер фестивалі өтпек. Фестивальдің мазмұнды бағдарламасын дәстүрлі қытай аспаптарында: Цимбалы, Эрху (екі шекті қытай скрипкасы), Чжэн (цитраға ұқсас көне музыкалық аспап) орындау, әндер, билер, қағаз ою-өрнектерді қию, каллиграфия және у-шу толықтырмақ.

Шихэцзы Университеті делегациясының ҚарМТУ-да Конфуций Институтының құрылу күнін мерекелеуге келген сапарының соңында, 2016 жылғы 28 қыркүйекте сағ. 10.00-12.00 Балалар үйінде концерт беріледі.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті жанындағы Конфуций Институты Конфуций институттарының жаһандық желісіне – қытай тілі мен мәдениетін оқып-зерделеу жөніндегі Аспанасты елінің мәдени-білім беру орталықтарының қатарына енеді.

Қазіргі уақытта әлемнің 137 елі мен аймағында 500-ден астам Конфуций институты және 1000-нан астам Конфуций сыныптары бар. Бүгінгі күнге мұндай институттар Қазақстанда 4-еу болса, соның бірі бізде – ҚарМТУда.

Без рубрики