«Үздік өлең» сайысы


2017 жылы 9 ақпан сағат 18.00-де «Армандастар Ордасы» ТК жатаханасының конференц залында Қарағанды қаласының туған күніне арналған «Үздік өлең» тақырыбындағы сайыс өткізілді. Сайысқа Университеттен 8 студент қатысты. Әр студент қала туралы шығарған өлеңдерін көрермендерге оқыды.

Төреші ретінде «Сөз Патшасы» әдеби поэзия клубының жетекшісі  Мужимова Асель Канатбекқызы қатысты. Барлық сайысқа түсушілер тыңдалған соң жүлдегерлер анықталды:

1 орын – ОП-15-2 тобының студенті Бейсенбеков Сырым;

2 орын – ОПИ-16-1 тобының студенті Калдарбек Ұлтуар;

3 орын – ОП-15-3 тобының студенті Коныртаева Колканат.

Сайыс жүлдегерлері мен қатысушылары мадақтама және алғыс хаттармен марапатталды.

Без рубрики