«Анаға апарар жол»

2016 жылдың 16 қазанында ҚарМТУ-да «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттер  Қарағанды қаласының «Сарыжайлау» кинотеатрына Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» атты фильмін көруге барды.

Фильм 1930 жылдан бастап қазірге дейін аралықты қамтиды. Мұнда халықтың басынан өткен қиын-қыстау кезеңдер (ұжымдастыру, жұт, соғыс жылдары) басты кейіпкерлердің тұрмыс-тіршілігі арқылы беріліп отырады.    Сюжеттік желісіне фильм кейіпкерінің басына түскен сынақтардан өтуіне көмектесетін ана махаббатының күші туралы оқиға өзек болған. Басты кейіпкер Ілияс  пен анасының арасындағы ұлы сезім олардың басына туған барлық қиын күндерді артқа тастап, қайта қауышуына себепші болады. Әрбір қазақ баласы өзінің тарихын, қандай қиын кезеңдерден өтіп, мықты халық болғанын көрсете біледі.

Үздік туындыны көруге барған студенттер қауымы ерекше сезімге, көңілге бөленді. «Мына киноны көрсе түпте ұйықтап қалған рух оянады»,-дейді ЭЭ-15-1 тобының студенті Ерназар Жанболат. Осындай тыныш, бейбіт, уайым-қайғы жоқ заманда өмір сүріп жатқандарына және уақыттың, ананың, жердің қадірін ұғыну қажеттігін бір естеріне түсірді.

111111111

«Анаға апарар жол» кинофильмінде