«Аламан» фестивалі

2016 жылдың 17 наурыз күні ҚарМТУ – дың «Жастар Әлемі» студенттер Сарайында  «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» — «Серпін — 2050» бағдарламасының арнайы грант иегерлерінің арасында, жастардың бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру, өзара тәжірибе алмасу, талантты жастарды анықтау, отансүйгіштігін және азаматтық белсенділігін арттыру мақсатында факультетаралық шығармашылық «Аламан» фестивалі өтті.

«Аламан» фестивалі екі байқаудан тұрды:

  1. «Болашақтың мамандығы қандай?» атты тақырыпқа эссе жазу;
  2. «Трансформация» тақырыбында «Serpin-Start-Up» бизнес жобасын дайындау.

Наурыз айы ішінде аталған бағдарлама бойынша оқитын студенттер «Болашақтың мамандығы қандай?» атты тақырыпқа эссе жазып,  «Трансформация» тақырыбында «Serpin-Start-Up» бизнес жобаларын дайындады.

Аталмыш іс — шара Мв-15-1 тобының студенті, Атабек Асылханның сиясы кеппеген өлең шумақтарымен ашылды.

Студенттердің өздерінің арнайы дайындаған жобаларының әлеуметтік маңыздылығы мен байқауға қатысушылардың бизнеске қабілеттіліктерін және «Болашақтың мамандығы қандай?» атты эссе жазу байқауында студенттер өзінің таңдаған мамандығының жетістіктерін, болашақта өзінің жоғары сұранысқа ие маман бола алатынын дәлелдей алған студенттерді анықтау мақсатында арнайы сарапшылар құрамы құрылды:

  1. Алпысбаева Н.А. – ТІ жөніндегі проректор;
  2. Смагулова Н.А. – Кураторлар Кеңесі төрайымы;
  3. Сатибекова С.Б. – Тау – кен факультеті, аға оқытушысы;
  4. Кирсанова К.В. — Сәулет және құрылыс факультеті, магистр, оқытушы;
  5. Келісбеков Ә.Қ. — Жол-көлік факультеті, магистр, оқытушы;
  6. Сулейменова Л.К. — Инновациялық технологиялар, аға оқытушы;
  7. Атамбаев Ж.Н. — Машина жасау факультеті, аға оқытушы;
  8. Баландин В.С. — Энергетика, автоматика және телекоммуникация факультеті.

Іс – шара барысында студенттер бизнес жобаларын қорғап, құрметті сарапшылар ең үздік жобаларды және эсселерді анықтап, студенттерді марапаттады. Сонымен қатар аталмыш шарада студенттер арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы Наурыз мерекесіне орай концерттік нөмірлер дайындап, өз өнерлерін паш етті. Фестиваль аяғында салт – дәстүр мен мәдениетті дәріптейтін «Көркем» қыздар клубының қатысушылары Әз Наурыз мерекесіне арнап ұлттық тағамдар жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Без рубрики