ҚарМТУ-дағы «Мектепке жол» акциясы

2018 жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйегіне дейін бүкіл республика бойынша «мектепке барар жол» қайырымдылық акциясы дәстүрлі түрде өткізіледі. Акцияның биылғы жылғы ұраны – «Менің таңдауым – балаларға көмек».

Әлеуметтік бастаманың басты мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету, киімінің, аяқ киімінің, кеңсе тауарларының және басқа да керек-жарақтарының жоқтығынан балалардың мектепке бармай қалуына жол бермеу. Жыл сайын мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, акционерлік қоғамдар, бизнесмендер, кәсіпкерлер, білім беру ұйымдары және қоғамымыздың қарапайым бей-жай қалмайтын адамдары белсенді түрде акцияға қатысады.

Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің деректері бойынша акция өткізілген он жылдың ішінде 2 млн артық балаға жалпы сомасы 17 млрд. теңгеден артық материалдық көмек көрсетілген. Демеушілер мен меценаттар жалпы сомасы 7,9 млрд. теңгені құрайтын елеулі көмек және қолдау көрсетті.

Білім бөлімі мамандарының мәліметтеріне сәйкес, Қарағанды облысы бойынша биылғы жылы облыстың 25 000 астам мектеп оқушысына көмек көрсетілді; олардың ішіде 3 046 оқушы – қарағандылық.

Қарғанды мемлекеттік техникалық униветситеті игі істерден еш уақытта шет қалмайды. «Ақниет» жастар қайырымдылық ұйымының еріктілері, ҚарМТУ белсенділері мен оқытушылары күш-жігерлерін біріктіріп үлкен іске – шынымен көмек қажет етушілерге өз үлестерін қосуға тырысады.

31 тамызда ҚарМТУ мәжіліс залында игілікті Республикалық акцияның аяқталуы өткізілді. Іс-шара барысында аз қамтылған отбасылардан шыққан 20 қатысушыға мектеп формасы, аяқ киімдер мен кеңсе тауарлары ұсынылды. Демеушілері университет ректораты, барлық 7 факультеттің ұжымдары, студенттер болды.

ҚарМТУ ректоры, техникалық ғылымдар докторы, профессор Марат Кенесұлы Ибатов қатысқан барлық ата-аналарды және балаларды Білім күні мерекесімен құттықтап, оқуда табыс, тәуелсіз Қазақстанның лайықты азаматтары болуын тіледі.

Бұл ЖОО студенттері мен оқытушылары қатысатын жалғыз әлеуметтік бастама екенін атап өткен жөн. «Ақниет» жастар қайырымдылық ұйымының мүшелері қаламыздың мектеп-интернаттарының, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне және қарттар үйлерінің қамқорлығындағыларға үнемі әлеуметтік көмек көрсетіп тұрады. Оқу жылы барысында еріктілер осы мекемелерге барады, достық кешерін, акцияларды, әр түрлі шараларды өткізеді, ардагерлерге көмек көрестеді, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне репетиторлық сабақтар өткізеді, олар үшін кәсіби бағдарлау және зияткерлік ойындарды, шығармашылық бағдарламалар мен сайыстар, денсаулығы нашар балаларға, жетім балаларға және мұқтаж отбасыларға қаражат жинап беру мақсатымен қайырымдылық жәрмеңкелерін өткізеді. Сондай-ақ жаңа жыл қарсаңында ҚарМТУ белсенділері мен меценаттары «Аяз атаға хат» акциясын дәстүрлі түрде өткізеді, акция қорытындысы бойынша көптеген балалардың «армандары» орындалады.

Без рубрики