‘Қайырымдылық’


8 қазан 2016 жылы, сағат 16:00-де Қарттар күніне арналған концерттік бағдарлама Актюбинская 25 мекен-жайында орналасқан, «Қайырымдылық» қарттар үйінде өтті.

Концерттік бағдарламаны «Ақниет» жастар қайырымдылық ұйымының волонтерлері және ҚарМТУ-дың Тау-кен факультетінің студенттер кәсіп одағының студенттер-активистері дайындады.

Іс-шараның мақсаты – аға ұрпаққа көмек көрсету мақсатымен өскелең ұрпақты тәрбиелеу.

Концерт музыкалдық, әзіл-оспақ номерлерімен қоса, қарттармен араласуды қамтыды.

Концерттік бағдарлама аяқталған соң, қарттарға шай ішу ұйымдастырылды.

Без рубрики