Тазалық-денсаулық негізі. Денсаулық-байлық негізі.


Тазалық-денсаулық негізі.

Денсаулық-байлық негізі.

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру қажет. Халқымыз «Дені саудың-жаны сау» деп орынды айтқан. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Дертке шалдыққанша денсаулықтың қадірін ешкім де білмейді. Осыған байланысты қаңтар айының 30-ы күні КОПЖТ казақша тобы, университет мұғалімімен бірге Хусан Б. «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасында апта сайын болатын «Ойтолғау» ток-шоуына қатысуына мүмкіндік алды. Бұл ток-шоуда денсаулық және артық салмақ мәселелері туралы ой қозғалды. Бағдарламаға арнайы мамандар, спортшылар және болашақ аналар қатысты. Арнайы мамандар өз кеңестерін айтып, спортшылар да денсаулықты қалай бірінші орынға қоюға болатынын айтып пікір алмасты.

Без рубрики