«Ақыл күші»


Қарашаның 28 күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Ақыл күші» атты институтаралық спорттық-интеллектуалды сұрақ жауап сайысы өтті. Сұрақ жауап сайысында барлық институттардың 1-4 курс студенттері-50 адам қатысты. Командалар Қазақстан спорты, саясат, өнер, сонымен қатар спорт шеберлігі білімінде жарысты. Конкурс бірнеше кезеңдерде өтті, ол кезде сұрақтарға жауап беру керек болды; командалардың ең мықты және ақылды өкілдері интеллект пен дене даярлығында жарысып, бір минуттың ішінде сфығу жасап сұрақтарға жауап берді. Бұл шараның қөткізудің мақсаты: білім деңгейін анықтау, салауатты өмір салтын насихаттау, әр түрлі институт студенттерін біріктіру болды.

Без рубрики