Ағаш отырғызу

АТФ, АЕЖ кафедрасының «Ақпарттық жүйелер» мамандығының магистранты, бұрын соңды «Облыстық балалар клиникалық ауруханасына» ойыншық алумен көзге түскен Кулбаев Дамир осымен тоқтамай қаланың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында  қайың отырғызу бойынша акция ұйымдастырды. Аталмыш акцияны жүзеге асыруда Қарағанды қаласының мекемелері ( «Играйка» Балар әлемі, ЖШС «ISOplus», ЖШС BS.kz) отырғызатын көшеттер алуға қаражат бөліп, демеушілік көмек көрсетті.  АЕЖ кафедрасы шетте қалмады және кафедраның студенттері, магистранттары мен ПОҚ  400 астам көшет отырғызды.

— Мен ағаш отырғызуға алғаш рет қатыстым, өте қызық болды,- деп ИС-11-2 тобының студенті, Кудинская Кристина әсерімен бөлісті.

«Іс-шара тек жақсы іс болып қана қойған жоқ, сонымен қатар, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арнауға шешім қабылданған нағыз мерекеге айналды», -деді, АЕЖ кафедрасының меңгерушісі Амиров Азамат Жанбулатович.