8 – Наурыз Халықаралық әйелдер күні


2016 жылдың 5 наурыз күні ҚарМТУ-дың №1 жатақханасында 8 – Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Серпін — 2050» бағдарламасы студенттері аяулы аналарымыз бен  аруларымызға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

«Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз, олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең»- деп студенттер университет қабырғасында «екінші аналары» болып есептелетін ұстаздар қауымына да алғыстарын білдіріп, мерекелерімен шын жүректен құттықтады. Концерт барысында ана туралы әндер шырқалып, гитара мен домбырада ойнады. Жалпы концерттік бағдарлама жоғары деңгейде өтіп, аяулы да әсем аруларға мерекелік көңіл – күй сыйлады.

Без рубрики