Құрметті редакторлар мен журналистер

1 қыркүйек 11:30-да Қарғанды мемлекеттік техникалық университетінде «Металлургия» мамандығының 130-дан астам бірінші курс студенттері ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың курстасы, қазақ ғалымы, металлург, профессор, техника ғылымдарының докторы, ғылым және техника саласында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты  Сарекенов Қабидолла Зулкашевичтың «Домналық балқыту үденрісін компьютерлік үлгілеу» тақырыбындағы актілік дәрісін тыңдайды.

Лекция шеңберінде «Домналық балқыту үденрісін компьютерлік үлгілеу» жаңа кітабының презентациясы өтеді. Кітапта  профессор А.Н.Рамманың әдісі бойынша  «Visual Basic 6.0» тілінде дербес компьютерлерге арналған домналық балқытудың техникалық көрсеткіштерін кешенді есептеу бағдарламаларының алгоритмі баяндалған, бастапқы және аралық мәліметтердің, қорытынды нәтижелердің бланктары, сонымен қатар қорытынды мысал берілген. Өзіндік теориялық және экспериментальді зерттеулердің негізінде қалдықтардың физикалық қасиеттерінжәне домна пешінің өндірушілік қасиеттерін есептеу тәсілдері келтірілген.

Басылым қара металлургия технологтарына және ғылыми қызметкерлеріне, сонымен қатар сәйкес жоғарғы оқу орын студенттеріне арналған.

Кітап авторлары: ҚарМТУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі А.М.Ғазалиев, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың курстасы, қазақ ғалымы, металлург, профессор, техника ғылымдарының докторы, ғылым және техника саласында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты  Қ.З.Сарекенов, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдарының академиясының мүшесі А.А. Акбердин, техника ғылымдарының кандидаты У.К.Конуров.