«Политехник»


Қарағанды мемлекеттік

 техникалық университеті

Қарағанды,  Бейбітшілік бульвары, 56

Тел./факс: 56-88-01

E-mail: kargtu@kstu.kz  

Ақпараттық хабарлама

www.kstu.kz 

7 тамыз 2013 жыл

 Құрметті редакторлар мен тілшілер!

Жазғы еңбек семестр-2013 аяғына да келді. «Политехник» студенттік құрылыс отряды осы жылы 267 адамнан құралды. Олардың ішінен 240 адам жазғы демалыста жұмысқа орналастырылды. СҚО «Политехник» өзінің тәрбиелік және еңбек тиімділігің талай рет дәлелдеді. Өз қызмет жылдары кезінде СҚО жауынгерлері мемлекетке стратегиялық маңызы бар өндірістік және мәдениеттік-тұрғын объектілерді салды. Көптеген құрылыс объектілеріне «Сапа белгісі» берілді.

«Политехник» жауынгерлері осы жылы «Қазақмыс», АҚ «Қарағанды-Жолдары», «С.Сапиев атындағы Бокс-орталығы»,  ЖШС «Сантехпром», ЖШС «Агропромремстрой», ЖШС «Жаныс», АҚ ЖК «Эфес Қазақстан», ЖШС «Мегастрой», ЖШС «Евростандарт Караганда», ЖШС «ИнСАР», ДОЦ «Континент» (Щучинск-Бурабай курорт зонасы), ЖШС супермаркет желісі «Аян», ЖШС «Парасат — Сервис», ПК «Аспап», ЖШС «Центрпромстрой» сияқты ірі кәсіпорындарға жұмысқа орналастырылды.

Құрылыс-студенттік отрядтарда жұмыс қиын болғанымен, жоғары төленеді. Орташа айлық айына 60 мың теңгеден асады. Осылайша жазғы еңбек семестрі СҚО «Политехник» студенттеріне байсалды өмірлік тірек болып табылады, балалар өз бетінше ЖОО-дағы оқу үшін төлейді.

Без рубрики