Қызметкерлер


 

АЙЖАМБАЕВА Сауле Жакешовна

1960  жылы 31 тамыз айында дүниеге келген. 1985 жылы Мәскеу станок аспаптары институтының дәл механика приборлары  мамандығын бітірген . Институтты бітіргеннен кейін, Қарағанды ​​политехникалық институтының «Көтеру-транспорттық құрылғылар және машина бөлшектері» кафедрасының зертханасында инженер болып жұмыс істеді. 1989 жылдан 1995 жыл аралығында , Жезқазған педагогикалық институтында « Сызу және еңбекке оқыту» бөлімінде оқытушы болды, 1995 — 1997 жылдары ассистент болып жұмыс істеді. 1997 — 2006 жылдары Ө.А.Байқоңыров  атындағы Жезқазған университетінің «Машина жасау технологиялары және тау-кен машиналарын жөндеу» кафедрасында аға оқытушысы болды. 01.09.2006  жылы Е.Букетов атындағы ҚарМУ университетінде «Машинатану» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарды. 2009 жылы 13.00.08- «Кәсіби білім беру әдістемесі мен теориясы» мамандығы бойынша ғылыми кандидатық дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертация қорғады. 2010-2014 жылдар аралығы  Е.Букетов атындағы ҚарМУ университетінде  «Машинатану» кафедрасында доцент және ҚарМТУ «Аспап жасау» кафедрасында 0,5 та сырттай доценттікте қызмет атқарған. «Квалиметрия және оңай алмастыру негіздері», «Өлшеу приборларынң механизмінің конструкциясы» және  «Өлшеу метрологиясы, информатиканың математикалық негіздері»  бойынша оқу курстарын жүргізеді. 2000-2015 жылдар аралығына дейін 63 ғылыми-әдістемелік  жұмыстары, және 3 оқу құралы, 6 электрондық оқулық жасады.
2015 жылдың қыркүйегінен бастап «Өлшеу техникасы және аспап жасау» кафедрасының меңгерушісі.

 

Ғылыми еңбектерінің тізімі

________________________________________________________________________________________________________________

ЕСЕНБАЕВ Сәлім Құсайынұлы

1943 жылы 19 маусымда туған. ҚарПТИ-де 1969 жылы «Кен инженер-электрик» мамандығына ие болған. 1962-1969 жылдары шахтада жұмыс атқарған. 1969 ж. ӨПА кафедрасына күндізгі аспирантураға түскен. Оның ғылыми басқарушысы т.ғ.к., доцент В.Н.Аракелов болғанды. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (ААЖ) кафедрасында ассистент болып істеген. 1975 жылы кандидаттық диссертацияны

қорғады, 1980 жылы оған доценттік ғылыми атақ берілген. КЭМФ партбюро хатшысы, институт партбюро мүшесі, 1992 жылдан 2008 жылға дейін университет ғылыми кеңесінің хатшысы болып істеген. С.Х. Есенбаев 1992 жылы Ақпараттық-өлшеу техникасы кафедрасының меңгерушісі болып сайланып осы күнге дейін жұмысын атқарып жүр. Қазақстан Республикасы бойынша Приборлар жасау мамандығын оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру жұмысында АӨТ кафедрасы басшы болып келеді. Приборлар жасау мамандық бағытында АӨТ кафедрасы 1986 жылдан бері тұлғаларды дайындап келе жатыр, ал Метрология және метрологиялық қамтамасыздандыру мамандығында – 1995 жылдан. С.Х. Есенбаевқа 2003 жылы «Еңбегі сіңген метролог» атағы берілді, ҚР БжҒ министрлігінің грамотасымен 2 рет марапатталды, ҚарМТУ еңбек сіңірген жұмыскері, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының корреспондент мүшесі.

_______________________________________________________________________________________________________________

КАШКИМБЕКОВ Тлепбек Даулетказинович

1938 жылы 18 ақпанда туған, техника ғылымдарының кандидаты (1986), доцент (2006). 1963 ж. Н.Э. Бауман атындағы МВТУ-ды «Арнаулы машиналардың автоматтық приводы» мамандығы бойынша бітірген. 1963-1987жж.–ҚарМТУ-да ассистент, аға оқытушы, 1987-1992жж. КарМУ-дың радиофизика кафедрасында аға оқытушы, 1992-1997жж. ҒА Қолданбалы математика институтында (Карағанды) аға ғылыми қызметкер. 1997-2007жж.–ҚарМТУ-дің САПР кафедрасының аға оқытушысы, доценті, 2007ж. ИИТ кафедрасының доценті. Автоматтық басқару системасының маманы. 10 ғылыми жұмыстары бар, «Турбо Паскаль программалау тілі» оқу құралының авторы.

 

 

 

 

______________________________________________________________________________________________________________

 

  ИСКАКОВ Мухамедалим Бигалиевич

Томск институтында автоматтандырылған жүйе және радиоэлектроника (ТИАСУР) мамандығын бітіргеннен кейін 1978 жылы Қарағанды политехникалық институтына (КарПТИ) келіп жұмыс істеді. 1996 жылға дейін әртүрлі жұмыстарда: Қазақстан  АСУ ВШ бөлімінде аға программист, ҚарПТИ-нің ғылыми-зерттеу секторында аға ғылыми қызметкер, Информатика кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды. 1996 жылы  Қазаақстан Республикасының Мемлекеттік дүние-мүліктік комитетінің есептік орталығында  меңгерушінің орынбасары болып 2002 жылға дейін жұмыс істеді.

2002-2013 жылдары Қарағанды облысының ақпараттық технологиялар АҚ  «Казахтелеком» да әртүрлі жұмыстарда: аға, жүргізуші маман, бастықтың орынбасары және тағы басқа жұмыстарды атқарды. 2012-2013 жылдары Халықаралық Бизнес Академиясында (бұрынғы КУБУП) лаборатория меңгерушісінің орынбасары, және ақпараттық технологиялар жалпы техникалық пәндердер кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды.

2013 жылдың мамырында ҚарМТУ-ға «Прибор жасау» кафедрасының  аға оқытушысы болып ауысты, қазіргі уақытта да осы жерде жұмыс атқарады.

2002 жылдың мамырында ҚарМТУ-да кандидаттық диссертацияны қорғады. 22 ғылыми мақалалар мен 7 оқу әдістемелерінің авторы.

 

______________________________________________________________________________________________________________

 

МУРАВЛЕВ Вячеслав Константинович

1955 жылы әскери отбасында дүниеге келді. Мектепті бітірген соң 1973 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің Физика факультетіне түсті, мұндағы оқуын 1978 жылы аяқтады. Университетті тәмамдаған соң  Химия-металлургия институтының «Жану үдерістерінің электрофизикасы» зертханасында т.ғ.д. Фиалкова Б.С. басшылығымен жұмыс атқарды, алғашында лаборант, кейіннен кіші ғылыми қызметкер болды .

Күндізгі аспирантураға түсіп, оқуды аяқтағанда 1989 жылы Одесса мемлекеттік университетінде физика-математикалық ғылымдар кандидаты дәрежесін қосымша ізденуге диссертацияны қорғады. Химия-металлургия институтында алдымен аға ғылыми қызметкер, кейінен бас ғылыми қызметкер лауазымында жұмыс істеуді жалғастырды, Химия-физикалық бөлімде секторды басқарды. 2000 жылы  «Казчерметавтоматика» АҚ жұмыс істеуге ауысты және КО-10 бөлімін басқарды. Төрт жылдан соң бас инженер болды, содан соң осы жерде, яғни «Казчерметавтоматика» АҚ ғылым бойынша директордың орынбасары болды. Конструкторлық және ғылыми-зерттеу жобаларын басқарды, жобаланған өлшеу приборлары мен комплекстерін шығару және сынауды бақылады. Сонымен қатар, ҚарМТУ «Прибор жасау» кафедрасының филиалының жұмысына қатысып,  дәрістер оқыды, өңдіістік практика бойынша сабақтарды өткізді.

2013 жылы ҚарМТУ «Прибор жасау» кафедрасының доценті лауазымына жұмысқа ауысты. 2014 жылдан бастап осы кафедраның меңгерушісі болған. Журналдар мен монографияларда 90 астам басылымдары бар, 14 авторлық куәліктер мен патенттерге ие. Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры, «Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік консорциумының» марапаты бойынша департаментінің  “Wilhelm Leibniz»  алқасымен марапатталды.

 

______________________________________________________________________________________________________________

 

ЮРЧЕНКО Владислав Владимирович

1.02 1961 жылы туған. 1983 жылы ҚарПТИ «Тау-кен жұмысын электрификаттау және автоматтандыру» мамандығын үздік бітірді. КНИУИ-да жұмыс істеді. 1993 ж. тау-кен кәсіпорнының ТПБАЖ (АСУТП) бөлімінде меңгеруші, 2000 ж. ақпараттық-өлшеу техникасы кафедрасында аға оқытушы. 1 авторлық куәлігі, ЖОО-ға арналған 3 оқу құралы, колледжге арналған 6 оқу құралы, 9 мақаласы бар, магистратура мен бакалавриатқа арналған 4 типтік бағдарламаларын әзірледі, сонымен қатар әртүрлі пәндер үшін зертханалық жұмыстарға және курстық жобаларға арналған 50-ден аса әдістемелік нұсқауларды дайындады.  


 

 

 

_______________________________________________________________________________________________________________

 

 

КАПЖАППАРОВА Дана Умиргалиевна

4.04 1973 жылы туған. 1995 жылы инженер-электрик мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық институтын бітірді. 1995-2002 жж. оқытушы, одан соң аға оқытушы болды. 7 мақалалар басылымына, 1 оқу құралға, 1 электрондық оқу құралға ие болады, 050716 «Аспап жасау» мамандықтың студенттері үшін 2 типтік бағдарламалардың, СМЖ бойынша қызмет инструкцияларының құрастырушысы. Оқытушылар арасында өтетін «Бодрость» спартакиадасының қатысушысы (1995 жылдан бастап). 2004 жылдан бастап ӨҮА кафедраның ізденушісі, диссертациялық жұмыстың тақырыбы «Кері байланыс каналдардың реттейтін электржетектің жұмыс тәртібіне әсер етудің бағалау әдістері».

 

 

 

_______________________________________________________________________________________________________________

 

КАКИМОВА Клара Шамелевна

07.11.1971 жылы дүниеге келген. ҚарМТУ-да АӨТ кафедрасының аға оқытушысы.1994ж. ҚарМУ физика факультетін физик – оқытушы квалификациясы бойынша бітіріп шықты. Еңбек жолын 1994 жылы Тау-кен техникумының техникалық пәндер кафедрасында оқытушылықтан бастады.1995 жылы ҚарПТИ АЕТ кафедрасына оқытушы болып ауысты. 1997ж. АӨТ кафедрасының аспиранты. Диссертациялық жұмысының тақырыбы «Металлургиялық үрдістерде жылу-масса алмасудың сызықты емес модельдер шешімдерінің итерациялық әдістері». 2004 жылдан кафедраның аға оқытушысы. 5 баспалық мақалаға, 1 авторлық куәлікке, қазақ тілінде жазылған 1 оқу құралына, 30-дан аса әдістемелік нұсқауларға және 6 оқу жұмыс бағдарламаларына ие.

 

 

 

 

_______________________________________________________________________________________________________________

 

АЛЬКИНА Алия Даулетхановна

1971 жылы 13.08.туған. 1993 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді белгісімен аталатын Қарағанды политехникалық институтының электро-механикалық факультеті, «Ақпараттық-өлшеу техникасы» мамандығын, «инженер – электрик» біліктілігімен бітірген. 1993 жылдан 2003 жылға дейін – оқытушы, 2003 жылдан АӨТ кафедрасының аға оқытушысы. АТФ Советінің хатшысы, АӨТ кафедрасының Менеджмент Сапа Системасының жетекшісі, кафедрада дистанционды оқытуға жауапты, «Аспаптар жасау» сілтеуінің эдвайзері.


 

 

                                                          

 

_______________________________________________________________________________________________________________

 

БЕЛИК Михаил Николаевич

25.09. 1982ж.туған.   1960 жылыРудный индустриалдық институтын тау-кен инженер-электрик біліктілігімен бітірген. 1982-2000жж.- инженер, кіші ғылыми қызметкер, КНИУИ тазалау және дайындауды автоматтандыру зертханасының ғылыми қызметкері. 2000ж. бастап ҚарМТУ-да АӨТ кафедрасының аға оқытушысы. 37 ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектері, өнертапқыштарға берілетін авторлық куәлігі бар.

 

 

 

 
 

 

 
_______________________________________________________________________________________________________________

АЙМАГАМБЕТОВА Раушан Жанатовна

08.10.1984 жылы дүниеге келді. 2007 жылы «инженер-метролог» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін үздік тамамдап шықты, 2009 жылы «Стандартизация, метрология және сертификация» мамандығы бойынша магистратураны үздік бітірді. 2010-2012 жж — ҚарМТУ ғылым бөлімінің инженер-метрологы, сонымен қатар «Аспап жасау» кафедрасының оқытушысы. 2012 жылдан бастап «Аспап жасау» кафедрасына ауыстырылды. 4 мақаласы баспаға шыққан.

 

 

 

 

 

 

______________________________________________________________________________________________________________

ДУЙСЕНБАЕВА Молдир Серикбековна

13.05.1989 жылы дүниеге келді. 2011 жылы Е.А. Бөкетоа атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетің «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша үздік бітірді, техника және технологиялар бакалавры, 2013 жылы «Физика» мамандығы бойынша магистратураны үздік бітірді, жаратылыстану ғылымдарының магистрі.  2016 жылдан бастап «Өлшеу техникасы және прибор жасау» кафедрасының зертхана меңгерушісі қызметін атқарады.

 

 

 

 

 

 

______________________________________________________________________________________________________________

АЛШЫНБАЕВА Данагуль Айдосовна

07.08.1992 жылы дүниеге келді. 2014 жылы «Машинажасау» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін үздік аяқтады, 2016 жылы «СТАНКИН» Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің магистратурасын «Технологиялық үрдістер мен өндірістерді автоматтандыру» мамандығы бойынша бітірді, магистр. 2016 жылдан бастап «Өлшеу техникасы және прибор жасау» кафедрасының инженері.

Без рубрики