2018-2019 оқу жылындағы тілдер курстарына қабылдау


Ш. Құдайбердіұлы атындағы «Тілдердің үштұғырлығы» орталығы барлық студенттер мен оқытушылар ұжымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтайды. Сіздерге сәттілік, нәтижелі оқу және өршіл жобалар тілейміз!

Сіздерді ағылшын, қазақ, орыс тілдері курстарына қабылдау жүргізіліп жатқандығын хабардар етеміз.

Орталықта алдағы оқу жылында да, әдеттегідей университеттің мұғалімдері оқытатын топтар құрылмақ.

Өздеріңізге лайықты курсты таңдауға көмектесеміз.

Қосымша мәліметтер бойынша «Тілдердің үштұғырлығы» орталығына хабарласыңыз, Бейбітшілік Бульвары 56,  бас ғимарат,  238 кабинет.

Без рубрики