2015 жылы 24 қазанда ҚарМТУ студенттері Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығына барды

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан — 2030» Стратегиясында қойылған мақсаттар мен міндеттерді белсенді түрде жүзеге асыру, жастардың бойында патриоттық сезімдерін арттыру, Қазақстан халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін сақтау, ұлтаралық татулық пен дінаралық толеранттылықты нығайту, жастар мен студенттердің терең білімге, заманауи ғылымға және ұлттық тәрбиеге құштарлығын арттыру, Елбасының бастамаларына қолдау көрсету мақсатында «Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы» КМҚК өткізілетін ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік мерекелік атаулы күндерге экспозициялық залдар бойынша экскурсиялар ұйымдастыруына байланысты 24.10.2015жылы «Серпін-2050» оқу орталығының жетекшісі, Жетпісбай Шолпан Аханқызының жетекшілігімен және топ кураторлары Мади Перизат Шаймұратқызы (ТЭ-15-1 тобы, 27 студент), Кикнадзе Римма Кеңесқызы (ТС-15-2 тобы, 16 студент), Имашева Гүлжан Имашқызымен (СТ-15-1 тобы, 23 студент) «Серпін-2050» тобының студенттері Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығына барды. Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы 2011 жылы 22 қарашада Теміртау қаласында Мемлекет басшысы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен ашылды. Тарихи-мәдени орталықтың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тәуелсіз мемлекетімізді құрудағы, қалыптастырудағы және дамытудағы аса көрнекті рөлін ашып көрсету. Қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік ұлт тарихындағы жаңа дәуірдің нышаны, Қазақстанның гүлденуі мен тұрақты дамуының берік негізі. Орталықта алты мұражай залы бар.

Без рубрики