2015 ж 22 қыркүйек күні Қытай делегациясы ҚарМТУ-ға келеді

2015 ж 22 қыркүйек күні бес жыл бойы аймақтағы жалғыз  Конфуций Институты сәтті жұмыс істеп келе жатқан Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне 16 адамнан тұратын Қытай делегациясы келеді. Сағ 10:00-де «Жастар Әлемі» жастар сарайында Конфуций Институтының туған күніне арналған мерекелік концерт өтеді.

Сағ 13:30 бірінші ғимараттың 200 бөлмесінде 25 орынға есептелген қытай тілін үйренуге арналған лингафондық бөлменің ашылуы өтеді. Лингафондық мультимедиялық бөлме- бұл лингафондық аппараттармен, заманауи мультимедиялық  құрал-жабдықтармен, электрондық оқулықтар және үйретуші бағдарламалармен жабдықталған. Басты мақсаты- тілдік білім беру.

Гуманитарлық салада қазақ-қытай қарым-қатынастарын нығайту, қытай және қазақ халықтары арасындағы түсіністікті дамыту құралы ретінде қытай тілін оқытуға үлес қосу мақсатында 2009 жылы 28 қазанда ҚарМТУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі А.М.Ғазалиев  Шихэцзы Университетінің педагогикалық институтының ректоры Цай Вэньбомен университеттер арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум, сонымен қатар ҚарМТУ негізінде Конфуции Институтын құру туралы келісім жасасты.

2012 жылы 27 қарашада ҚарМТУ негізіндегі Конфуций Институтының ашылу салтанаты өтті.

Без рубрики