«Enactus» жастар бизнес-форумының салтанатты ашылу рәсімі өтті


2016 жылдың 28-29 қазаны күні Қарағанды қ. Кеншілер мәдениет сарайында  «Enactus Road Show» аясында «ENACTUS – ҚОҒАМ ИГІЛІГІ ҮШІН» жастар бизнес-форумының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Форумға университет тарапынан «Enactus ҚарМТУ» командасы қатысты. «Enactus ҚарМТУ» командасына белсенді қолдау көрсеткені үшін ҚарМТУ ректоры Газалиев Арстан Мауленұлына Алғыс хат және «Enactus Kazakhstan» Ұлттық офисі атынан ескерткіш марапат ұсынылды. «Enactus» ұйымын дамытуға белсене қатысқаны үшін команда капитаны Марат Гүлзатқа «KPMG Kazakhstan & Central Asia» Халықаралық аудиторлық компаниясының басшысы Қарлығаш Қалтаева құрметті «Enactus World Cup»  төс белгісін тарту етті.

Форумға «Лингва» ОҚА ҰОО Enactus; Е.А Букетов атындағы ҚарМУ-дың Enactus; Enactus ҚарМТУ; сондай-ақ «Болашақ»  Академиясының Enactus және ОҚА ҚЗМТИ-нің Enactus командалары қатысты.

Форумның тренингтері «Лингва» ОҚА ҰОО базасында  – «Enactus Kazakhstan» өкілі  – «Enactus Kazakhstan» Президенті, философия ғылымдары докторы, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшесі Ержанова Альбина Меирбекқызы тарапынан өткізілді. Тренингтер студенттердің бизнес сауаттылығын және көпшілік алдында сөз сөйлеу білу (спикерлер дайындау), дұрыс брендинг ұсыну және PR-менеджмент бағыттарында жүргізілді.

n_SGEST9KxQ tRN8M9pHpYI  Ykg92BbZUegYCpIAUXkwsU

 

Без рубрики