«Жайдарман» ойынының жартылай финалы


25.02.2015 ж. Жастар Әлемінде Қазақ хандығының 550-жылдығына орай, жыл сайынғы, дәстүрлі факультетаралық «Жайдарман» ойынының «Жартылай финалдық» сайысы өтті. Сайысқа әр факультеттің көрерменді күлдіруден жалықпайтын қөңілді тапқыр жігіттер мен қыздар қатысты. Нақты айта кетсек, қатысқан топтар: Сәулет-құрылыс факультеті, Жол-көлік факультетінен «Эксклюзив» тобы, «Армандастар ордасы» жатақхансынан келген «Оңтүстік жігіттері», Энергетика және телекоммуникациялар факультетінен «Егііз Лебіз» тобы, Тау-кен факультетінен «Тау-кен қырандары», «№1 жатақхана жастары». Ойын 2 сайыстан құралды: Сәлемдесу және Тарихи қимыл. Сайысқа төрелік еткен әділ-қазылар алқасының төрағасы- Республикалық жастар қоғамдық бірлестігі, Қазақстан КВН Одағының вице-президенті Жомарт Әбіш болды. Ойын соңында барлық қатысқан топтарға марапаттау қағаздары табысталып, финалдық сайысқа жолдама алған топтар анықталды. Олар: Сәулет-құрылыс факультеті, Оңтүстік жігіттері, №1 жатақхана жастары. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Без рубрики