Студенттердің Қарағанды облыстық «Доверие» ассоциациясы ЗТБ-ның өкілдерімен кездесуі

2019 жылдың 13 қарашасында ҚарМТУ-дың әлеуметтік құқық дамыту орталығы Қарағанды облыстық «Доверие» ассоциациясы ЗТБ-мен бірлесе ПБЗ (психобелсенді заттар) жарнамалау және өткізу қандай жауапкершілікке әкеліп соқтыратындығы туралы студенттермен (185 адам) түсіндірме кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында  ЗТБ Қарағанды облыстық «Доверие» ассоциациясының қызметкері, Нупинова А.М. студенттерді есірткілерге орын жоқ салауатты болашаққа ұмтылуға, әркім дені сау ұлт идеясын саналы және ерікті түрде алып жүруге шақырды. Және 29 қарашаға дейін «Дені сау болашақ» компаниясы синтетикалық есірткінің жарнамасын бояу бойынша рейдтер жоспарлап отырғанын айтып, өз қатарында ерікті — студенттерді  көруге қуанышты болатындарын жеткізді.

Без рубрики