10.11.2022 ж. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Инновациялық технологиялар колледжінде «Менің отбасым- зорлық-зомбылықсыз аумақ», «16 күн зорлық-зомбылықсыз» Республикалық акциясы аясында колледж студенттері мен құқық қорғау органдары өкілдерінің арасында кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты- зорлық-зомбылық мәселесіне көпшіліктің назарын аудару, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа төзбеушілікті қалыптастыру, зорлық-зомбылықтың алдын алу және оның болуына жол бермеу.
Студенттермен кездесуді Қарағанды қаласының полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің әйелдер құқығын зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Жапарова Әсел Сағынтайқызы мен полиция аға лейтенанты Жанел Айнұр Асқарқызы өткізді. Кездесуге колледж оқытушылары мен 1-4 курс студенттері түгел қатысты.
Кездесу барысында отбасылық қатынастарды үйлестіру, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, өмірлік қиын жағдайлардағы қажетті әрекеттер, дағдарыс орталықтарының қызметтерін пайдалануға болатындығы туралы айтылды.
Студенттерге зорлық-зомбылық туралы өмірден алынған оқиғалар жайлы түсірілген бейнероликтер көрсетілді. «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын!» деген атаумен колледж студенттері арасынан волонтерлік (еріктілер) топ іріктеліп, тұрмыстық қиын жағдайға душар болған адамдарға шұғыл түрде шешім қабылдап, тез арада қалай көмек беруге болатыны іс жүзінде көрсетіліп, түсіндірілді.
Сонымен қатар қазіргі кездегі жастар арасында көп кездесетін қылмыстар: нашақорлық, маскүнемдік, ұрлық, алаяқтық, интернет қылмыстар жайлы да маңызды ақпараттар берілді.